Серғали Әбжанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:06, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Серғали Әбжанов(7.12.1912, қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданы — 12.9.1976, Алматы) — әнші, Қазақстанның халық артисі (1954).


Әбжанов бала кезінен-ақ әншілік өнер жолына түсіп, ел арасына танымал болды. 1934 — 37 ж. әскер қатарында болған кезінде Қазақтың атты әскер полкі ансамблінде ән салады. Абай атындағы Қазақ опера және балет театры жанындағы әншілер дайындайтын студияны бітірген (1937). Әбжанов өмірінің соңына дейін осы театрдың әншісі болды. Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібегінде” Бекежан, “Ер Тарғында” Тарғын, “Жамбылда” Сүгір, Мұқан Төлебаевтың “Біржан мен Сарасында” Жанбота, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің “Абайында” Жиренше, Н.Г. Жигановтың “Алтыншашында” Ормай, И.Н. Насировтың “Терең көлінде” Болат және басқа операларда түрлі мазмұндағы партияларды орындады. Аталған опералық бейнелер — музыкалық сипаты жағынан, драматургиялық желісі тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын күрделі тұлғалар.

Әбжанов опералық партияларымен қоса камералық әндерді орындауда да ерекше қабілет таныта білді. Ол “Сұржелгенше”, “Сәулем-ай”, “Гүлдер-ай”, “Жеті арал”, “Угай-ай” сияқты халық әндерін нәшіне келтіре орындады. “Батыр қыз”, “Солдат сағынышы”, “Жастық жыры”, “өрге тарт, менің өз елім”, “Ер Төлеген”, “Көкшетау”, “Астанам” т.б. әндер шығарды. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}