Серік Тілеулесұлы Шаңғұтов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:34, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Серік Тілеулесұлы Шаңғұтов - 1953 жылы 20 мамырда Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Жылан бекетінде туған. Қазақ. Әкесі - Шаңғұтов Тілеулес. Анасы - Шаңғұтова Мауыты. Ақтөбе педагогикалық институтының физика-математика факультетін (1975) физика, математика пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша; Алматы халық шаруашылығы институтының ауыл шаруашылығын жоспарлау факультетін (1985) экономист мамандығы бойынша; ҚМЭБИ (1993) саясаттанушы, жоғары және орта оқу орындарында әлеуметтік-саяси пәндердің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты (2005). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Ақтөбе облысындағы қой шаруашылығының тиімділігі». «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2006 жылдан).

  • 1970 жылдан - Ақтөбе облысының Шалқар 50-жол бөлігі қашықтық жолдарының жөндеушісі.
  • 1971 жылдан - Ақтөбе педагогикалық институтының студенті.
  • 1975 жылдан - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласындағы №456 орта мектептің математика мұғалімі.
  • 1976 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
  • 1977 жылдан - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласындағы №49 орта мектептің математика мұғалімі.
  • 1978 жылдан - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық комсомол комитетінің хатшысы,
  • 1982 жылдан - бірінші хатшысы.
  • 1984 жылдан - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы «Уркачевский» кеңшарында партия комитетінің хатшысы.
  • 1986 жылдан - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық партия комитетінің хатшысы.
  • 1991 жылдан - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары.
  • 1992 жылдан - «Жұрын» кеңшарының директоры (Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы).
  • 1994 жылдан - «Жұрын» АҚ президенті (Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы).
  • 2002 жылдан - «Құмжарған» ЖШС директоры (Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы).
  • 2006 жылдың қаңтарынан бері - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі. Мұғалжар аудандық Халық депутаттары кеңесінің, Мұғалжар аудандық мәслихатының (1982-2003); Ақтөбе облыстық мәслихатының (2003-2006) депутаты. «Құрмет» орденімен (2010); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Тыңға 50 жыл» (2005), «Шапағат» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен; «ҚР

Мемлекеттік қызметі жөніндегі агенттікке 10 жыл» (2008) белгісімен марапатталған. ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2009).

Әскери атағы - запастағы аға лейтенант.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Әлемдік қауымдастыққа мойындалған қазақстандық мемлекеттілікті құру».
Хоббиі - спорт, көркем әдебиет.
Сүйіп оқитын әдебиетшілері - А. Кұнанбаев, М. Әуезов, Ә. Кекілбаев.

Үйленген. Жұбайы - Шаңғұтова Базар Молдағазықызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Қызы - Шаңғұтова Динара Серікқызы (1982 жылы туған), Алматы қ. «Делойт & Туш» халықаралық фирмасының аудиторы; ұлы - Шаңғұтов Аслан Серікұлы (1984 жылы туған), «Темірбанк» АҚ басқарушы директоры.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub