Серік Секенұлы Апрымов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
09:04, 2017 ж. ақпанның 4 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Серік Секенұлы Апрымов (1960 жылы 28 қазанда Семей облысының Ақсуат ауылында туған) - режиссер.
Әкесі - Апрымов Секен (1921-1982), судья болып жұмыс істеген. Анасы - Қажиева Күлшен (1923-1973), үй шаруасымен айналысқан.
- Алматы индустриалдық техникумын (1980) автомобиль тораптарының техник-механигі мамандығы бойынша; Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының кино режиссурасы факультетін (Мәскеу қ., 1989) кинорежиссер мамандығы бойынша бітірген.
- 1983 жылдан - «Қазақфильм» киностудиясында жүргізуші.1984 жылдан - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында кинорежиссердің ассистенті.
- 1989 жылдан бері - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында қоюшы-режиссер (қазіргі - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ).
- Ресейлік «Ника» киноакадемиясының мүшесі (2005 жылдан).
- Қазақстан Жастар одағының лаурөаты (1992). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (1998).
- Үйленген. Жұбайы - Апрымова Гүлмира Шәмілқызы, атқарушы продюсер. Қызы - Апрымова Динара (1989 жылы туған); ұлы - Апрымов Әлішер (1990 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub