Серік Исаұлы Рүстембеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Серік Исаұлы Рүстембеков (1.1.1947 жылы туған, Ақмола облысы, Шалқар ауданы) - архитектор, Қазақстанның еңбек сіңірген архитекторы. 1972 жылы ҚазПТУ-ін, 1994 жылы ҚазҰУ-ды бітірген. 1972 - 1990 жылдары "Казгипроторг" институтының архитектор, бас архитектор, 1990 - 93 жылдары Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 1993 - 96 жылдары "ТАУАН" Қазақстан Архитекторлар одағының шығармашылық студиясының көркемдік жетекшісі. 1996 жылы "Ақ-Орда" жобалау-қүрылыс компаниясының бас директоры, т.б. қызметтермен айналысты. Оның жобасы бойынша: Алматы қаласындағы Орталық базардың, Ш. Уәлихановтың мемориалдық кешені "Алтын Емелдің", Шымкент қаласындағы әмбебап дүкеннің, Семей қаласының базарының, Алматы қаласындағы "Сауда үйі", Ақмола (қазіргі Астана) қаласының бас жоспары, т.б. салынды. Бірқатар халықар. байқаулардың лауреаты.

<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}