Сергектік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сергектік — адамның белгілі бір іс-әрекеті жүзеге асыру жағдайындағы жүйке жүйесі белсенділігінің не функциялық күйінің мінез-құлықтық көрінісі. Сергектік мезгіл-мезгіл ұйқымен орын ауыстырып, сергектік-ұйқы циклін құрайды. Сергектіктің мынадай деңгейлері сараланады: ширығудың шекті деңгейі, белсенді сергектік, байсалды сергектік. Сергектіктің әрбір деңгейі вегетациялық, моторлық және электроэнцефалографиялық көрсеткіштер кешенімен ажыратылады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}