Сергей Витальевич Кулагин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:06, 2017 ж. сәуірдің 7 кезіндегі Kaiyr (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Infobox Biography Кулагин, Сергей Витальевич — Қостанай облысының әкімі.

1952 жылы 8 қыркүйекте Ақмола облысы Атбасар қаласында туған. Орыс.

Анасы - Кулагина Анна Егоровна, зейнеткер.

Целиноград ауылшаруашылық институтының ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетін (1975) ауыл шаруашылығы инженер-механигі мамандығы бойынша; Алматы жоғары партия мектебінің (1988) партия және кеңес құрылысы факультетін, орта және жоғары оқу орындарында ғылыми коммунизмнен оқытушы мамандығы бойынша бітірген.

Саяси ғылымдардың кандидаты (2000). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Еуразияшылдық: идеясы және даму болашағы. Еуразиялықтардың мәдени-тарихи концепциясы (Ресей Батыс пен Шығыстың ортасында: өркениеттің рухани аспектілері. Кеңестіктен кейінгі кеңістіктегі еуразиялық көрініс)».

«Көксеген жер» кітабінің (2001) авторы.

1966 жылдан - Целиноград облысы Астрахан ауданы Николаев атындағы №1 кеңшар бөлімінде жұмысшы. 1969 жылдан - Целиноград ауылшаруашылық институтының студенті. 1975 жылдан - МТП пайдалану инженері, Целиноград облысы Астрахан ауданы Николаев кеңшарының бас инженері. 1980 жылдан - Целиноград облысы Астрахан ауданы «Райсельхозтехника» ӨБ меңгерушісі. 1981 жылдан - Целиноград облысы Астрахан ауда- ны «Қызылжар» кеңшарының директоры. 1984 жыл- дан - Целиноград облысы Алексеев аудандық Халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің төрағасы. 1985 жылдан - Целиноград облысы Қазақстан Компартиясы Алексеев аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1986 жылдан - Целиноград облатқарукомитеті төрағасының бірінші орынбасары, облыстық агроөнеркәсіптік комитетінің төрағасы. 1990 жылдан - Торғай облыстық Халық депутаттары кеңесінің бірінші орынбасары, облатқарукомитетінің төрағасы. 1992 жылдан - Торғай облыстық әкімшілігінің басшысы. 1993 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ауыл шаруашылық министрі. 1994 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары; «Интеграция-Целина» халықаралық қорының президенті (Ақмола қ.). 1998 жылдың қаңтар айынан - ҚР ауыл шаруашылық министрі. 1998 жылдың қыркүйек айынан - Ақмола облысының әкімі. 2004 жылдан бері - Қостанай облысының әкімі.

ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің 12-ші шақырылым депутаты (1990-1993).

Ill (1999), II (2004) дәрежелері «Барыс»; «Дружба» (РФ, 2004), I дәрежелі Даниил Московский (2006), «Отан» (2009) ордендерімен; «Ерен еңбегі үшін» (1978, 1980), «Тың жерлерді игергені үшін» (1984), «Тыңға 30 жыл» (1984), «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «С.П. Королев атындағы отандық космонавтиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» (РФ, 2004), «Қазақстан темір жолына 100 жыл» (2004), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» (2005), «Байқоңырдың 50-жылдығына естелік» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен; «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2002), «Тыңға 50 жыл» (2004), Украина Үкіметінен (2004), «Денсаулық сақтау қосқанүлесі үшін» (2008), «Алтынсарин атындағы төс белгісі» (2008) белгілерімен марапатталған. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері (2002). Мәдениет қайраткері (2003). ҚР Құрметті спорт қайраткері (2008).

Әскери атағы - запастағы полковник.

Хоббиі - спорт, балық аулау, аңға шығу.

Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи романдар, «ТАӨ» әдеби сериясы.

Үйленген. Жұбайы - Кулагина Галина Дмитриевна. Қызы - Ольга (1976 ж.т.); ұлдары - Александр (1979 ж.т.), Павел (1986 ж.т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub