Сент-Винсент және Гренадиндер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:47, 2014 ж. сәуірдің 19 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Сент-Винсент және ГренадинаКариб теңізіндегі Кіші Антиль аралдар тобына жататын Сент-Винсент аралы мен Гренадина аралдар тобының солтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы 389 км². Халқы — 115 мың адам (2000). Астанасы — Кингстаун қаласы. Халқының 33%-ы қара нәсілдер, 19%-ы мулаттар, қалғандары еуропалықтар мен үндістер. Ресми тілі — ағылшын тілі. Ұлыбритания Достастығы құрамына кіргендіктен, ағылшын королевасы мемлекет басшысы болып саналады. Елді королева тағайындаған ген.-губернатор басқарады. Жоғары заң шығарушы органы — бір палаталы парламент (жиналыс палатасы). Атқару билігі премьер-министр басқаратын үкімет қолында. Халқының көпшілігі христиан дінінің протестант тармағын ұстанады. Әкімшілік жағынан 6 ауданға бөлінеді. Ақшасы — шығыс кариб доллары. Ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні — 27 қазан (1979) Сент-Винсент және Гренадина Кариб қауымдастығының (1974), БҰҰ-ның (1980), Америка Бірлігі ұйымының (1981) мүшесі. Сент-Винсент аралы жанартаулы болып келеді (ең биік жері 1234 м, сөнбеген Суфриер жанартауы). Климаты тропиктік пассатты, ылғалды. Жыл бойғы орташа температура 18 — 32ӘС. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1500 — 3700 мм. Бұталы өсімдіктер мен шағын ормандар басым. Жағалауларын қолтырауындар мен ламантиндер мекендейді. Сент-Винсент және Гренадина жерін 1498 ж. Х.Колумб ашты. 17 ғасырға дейін Испанияның иелігінде болып, 17 — 18 ғасырларда Франция мен Ұлыбританияға берілді. 17 — 18 ғасырларда елге Африкадан зәңгілер әкелінді. 1838 ж. құлдық ресми түрде жойылды. 1885 — 1956 ж. аралығында “жел өтіндегі аралдар” деп аталған ағылшын отарларының, 1958 — 62 ж. Вест-Үндістан федерациясының құрамында болды. 1979 ж. 27 қазанда Достастық деңгейінде тәуелсіздік алды. Экономикасының негізгі саласы — ауыл шаруашылығы мен туризм. Егетін дақылдары — банан, кокосты пальма, жеміс-жидек, темекі, кофе, какао, имбирь. Елдің ішкі қажеті үшін таро, батат, ямс егіледі. Мал шаруашылығында қой, шошқа, ірі қара өсіріледі. Крахмал мен арроруд өндіруші елдердің қатарына жатады. Экспортқа крахмал, аррорут, теннис қалақшасын, банан, темекі, кокос пальмасын, имбирь, копра, мақта, жеміс-жидек шығарады. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлшері шамамен 4320 АҚШ долларына тең. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Ұлыбритания, Тринидад және Тобаго, Сент-Люсия. Әдеб.: Латинская Америка. Энциклопедический справочник, М., 1982; Страны мира, М., 2004; Только факты, Гонконг, 2004.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сент-Винсент және Гренадиндер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}