Сенсорлық изоляция

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:06, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сенсорлық изоляция — адамның ұзақ уақыттық, толық немесе жартылай сенсорлық әсерлерден айырылуы. Осы тұрғыдан сенсорлық ақпарат алуды шектеу бойынша жүргізілген эксперименттік зерттеулердің нәтижелері өте көрнекті болып табылады. Бұл эксперименттерде зерттелушіні арнайы камераларға орналастырып, толық сенсорлық изоляцияға дейінгі жағдайға жеткізген. Бірнеше сағаттан кейін-ақ зерттелуші мазасыздық күйіне жетіп, экспериментті доғаруды сұраған. Ал ұзақ мерзімдік эксперимент жағдайына түскен зерттелушілер, алдымен, уақыттық бағдардан, ал одан кейін, тіптен, ойлау қабілетінен айырылған. Олар тіпті оңай есептерді шеше алмай, көбісінде ес процесінің бұзылысы байқалған. Зерттелушілердің 80% жуығында көру галлюцинациялары пайда болған. Осындай эксперименттерге адамдар 2-3 күннен артық шыдамаған. Осы және басқа да мысалдар адамның түйсіну түріндегі қоршаған дүние жөнінде ақпаратты алу қажеттілігінің күшті екендігін көрсетеді.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}