Сензитивтілік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сензитивтілік (Үлгі:Lang-la — сезім, түйсік) адамның мінезтанулық ерекшелігі; өзіне қатысты оқиғаларға көтеріңкі сезімталдықтан көрінеді, әдетте, барынша алаңдаушылықпен, жаңа жағдаяттардан, адамдардан, әр алуан сындардан және т.б. қорқумен астасады. Сензитивті адамдарға қорғаншақтық, ұялшақтық, әсершілдік, өткен немесе алда тұрған оқиғаларды ұзақ уақыт ойлап-толғануға бейімділік, өзін олқысынып тұрушылық сезімі, өзіне көтеріңкі моральдық талап қоюшылық және талап-тілегін төмендетуге бой ұрушылық тән. Жас ұлғая келе сензитивтілік бәсендеуі мүмкін, бұған, атап айтқанда тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу процесінде алаңдататындай жағдаяттарды жайғастыра білушіліктің қалыптасуы себепші болады. Сензитивтілік органикалық себептермен байланысты (тұқымқуалаушылық, мидың зақымдануы жоне т.б.) болуы да, сондай-ақ тәрбиеленген жағдайының ерекшеліктерінен (мысалы, баланың отбасында эмоциялық кемсітілуі) де болуы мүмкін. Шекті көрінісіне жеткен сензитивтілік психопатияның бір нысаны болып шығады. Сензитивтілік — болып жатқан оқиғаларға әсерленгіштікте көрінетін адамдағы ерекшелік. Әдетте сензитивтік адамдардың жаңа жағдайлардан, сыналулардан, т.с.с. қорқудан тұрады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}