Семиттану

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:00, 2015 ж. маусымның 1 кезіндегі Zhaksilik (Талқылауы) істеген түзету

Семиттану, Семитологиясемит тілдес халықтардың тілін, әдебиеті мен мәдениетін, тарихын зерттейтін ғылым. С. термині тіл білімінде қолданылады. Ол тірі және өлі семит тілдерін зерттейтін пәндерді (ассирология, арабистика, таураттану, гебраистика, т.б.) де қамтиды. Еуропада араб, сирия, эфиопия және ежелгі еврей тілдеріндегі деректемелерді зерттеу ерте кезеңнен басталды (Германияда И.Рейхлин, И.Буксторф, Францияда Ю.Ц. Скалигер). 17 — 18 ғасырларда голланд ғалымдары семиттанудың жеке саласы — араб зерттеу ғылымының негізін қалады. 18 ғасырда Ж.Бартелеми (Франция) финикия жазуының кілтін тапты. 19 ғасырда жалпы және салыстырмалы тіл білімінің жетістіктері семиттану ғылымын толықтырып байыта түсті. Осы сала бойынша қолжазбалар катологы, сөздіктер, тарихи шолу еңбектер мен эпиграф. ескерткіштер жинағы жарық көрді. семиттанудың жетіліп, дами түсуіне Т.Нельдеке, В.Гезениус (ежелгі еврей тілі сөздігі мен грамматикасы), Ю.Вельхаузен, Р.Киттель (таураттану), К.Броккельман (семит тілдерінің салыстырмалы грамматикасы), т.б. неміс семитологтары мен француз ғалымы семиттану де Саси, венгр зерттеушісі И.Гольдциер (ассирология), т.б. елеулі үлес қосты. 19 ғасырдың аяғында Таяу Шығыс елдерін зерттейтін археологиялық және филологиялық қоғамдар құрылды. 20 ғасырда семиттану археологиялық экспедиция жинаған материалдар мен қазіргі тілдерді зерттеу негізінде өрістеді. 30-жылдарда Ш.Вирилло мен Х.Бауэр угарит жазуының мәнін ажыратты, соның нәтижесінде семиттанудан жаңа угариттану саласы бөлініп шықты. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін семиттану ғылымы Египет, Сирия, Ливан, Израиль елдерінде қолға алынды. Ресейде орта ғасырда-ақ ежелгі еврей тілін зерттеуге көңіл бөлінді. Петр І тұсында араб тілі оқытыла бастаса, кейін діни және дүнияуи жоғары оқу орындарында ежелгі еврей тілі оқу пәні ретінде енгізілді. 1882 ж. Ресейде Палестина қоғамы (1917 жылдан Ресей ғылым академиясының жанында) құрылды. Семиттанудың өрістеп дамуына И.Ю. Крачковский мен оның мектебі, Н.В. Юшманов, И.М. Дьяконов, т.б. маңызды үлес қосты. Бұл сала бойынша Грузияда Г.В. Церетели (арабистика, арамеистика), А.С. Лекиашвили (семит тілдері), Беларуссияда Н.И. Никольский (гебраистика), т.б. ғалымдар жемісті еңбек етті.<ref>Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Семиттану|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}