Семен Богданович Броневский

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Броневский Семен Богданович (1786 — 14.2.1858) — Ресей империясының генерал-лейтенанты, Сенат мүшесі. 1808 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы және Сібір шебінің бастығы генераль Глазенаптың адъютанты болып тағайындалды; мұнда ол 1857 жылға дейін істеді. 1814 жылдан Сібір шептік казак әскерлерінің атаманы болды. Броневский 1822 жылы тобықты руының қазақтарына қарсы жазалаушы әскери экспедицияны басқарды. 1823 жылы Омбы облысының бастығы болып тағайындалды. 1824 жылы қазақ даласындағы экспедицияны басқарды. Экспедиция “Сібір қырғыздары туралы жарғы” ережелеріне сәйкес орта жүз қазақтары жерінде “сыртқы округтер” құру шараларын қолма-қол жүзеге асырысты. Қазақ даласында өткізген осы 2 айлық сапарын ол қазақтар туралы этнографиялық материалдар мен деректер жинау үшін де пайдаланды. 1825 жылы Қозы Көрпеш — Баян сұлу ескерткішін қарап шығып, оны суреттеп жазды, осы ескерткіш жайындағы аңыз-әңгімелерді жинады. 1827 жылы Броневский генерал-майор атағын алып, Тобыл қаласындағы жеке Сібір корпусының штаб бастығы болып тағайындалды. 1831 ж. Броневский қазақ даласымен 2 мың км жол жүріп, 5 сыртқы округті, қазақ болыстары мен ауылдарын аралады. Соның нәтижесінде Батыс Сібір генерал-губернаторына орта жүз жеріндегі жағдай туралы хат түсірді. Онда қазақтардың егіншілігі, киім-кешегі, ас-суы, малдың бағасы, қазақ билері, барымта жайында мәліметтер келтірді. 1835 жылы 8 қаңтарда Броневский Шығыс Сібірдің генерал-губернаторы әрі әскери қолбасшысы болып тағайындалып, генерал-лейтенант атағын алды. Броневский ауыл шаруашлық, әсіресе, қазақ жеріндегі егіншілік жайлы материалдар жинап, Мәскеу ауыл шаруашлық қоғамының “Земледельческий журналда” жариялады.

Дереккөздер

“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Семен Богданович Броневский|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}