Семей мемлекеттік медицина университеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:29, 2016 ж. маусымның 7 кезіндегі Batyrbek.kz (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Университет Семей мемлекеттiк медициналық университетіҚазақстан Республикасының ірі медициналық жоғарғы оқу орындарының бірі болып табылады. Жеке клиникалық базасы, әскери кафедрасы және Павлодар қаласында филиалы бар. Университеттің инфрақұрылымдық даму динамикасының жоғары болуы оның білім, ғылым және инновациялық әлеуетінің қарқынды дамуына ықпал етті. Оқу орнының түлектері тек Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де (АҚШ, Израиль, Германия, Ресей, Пәкістан, Үндістан, Жапония) қызмет атқаруда. "Ғылым және денсаулық сақтау" журналы шығып тұрады, дисертациялық кеңес жұмыс істейді.<ref name="semsk">Үлгі:Cite web</ref>

Тарихы

1953 жылы 6 қыркүйекте Семейде КСРО министрлері кеңесінің қаулысымен және КСРО-ның денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы (2.09.1952ж. №22611-Р) бойынша Семей медицина институты ашылды. 1959 жылы алғашқы түлектер институтты бітіріп, 275 студент емдеуші-дәрігер дипломын алды. 1963 жылы педиатрлық факультет ашылды. 1982 жылы Павлодар қаласында дәрігерлердің біліктілігін арттыру факультеті ашылып, 1991 жылы стоматологиялық факультет құрылды.

1997 жылы институт Мемлекеттік медициналық академияға айналды.<ref name="sgma">Үлгі:Cite web</ref> 2009 жылы ЖОО университет атағын алып, ресми атауы Семей қаласының Мемлекеттiк Медицина Университетi болып өзгертілді.

Мамандықтары

СММУ төмендегі мамандықтар бойынша студенттерді дайындайды:

  • 5В130100 «ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА»
ОҚУ МЕРЗІМІ - 5 жыл бакалавриат + 2 жыл интернатура
  • 5В110200 «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ»
ОҚУ МЕРЗІМІ - 5 жыл
  • 5В110300 «ФАРМАЦИЯ»
ОҚУ МЕРЗІМІ - 5 жыл
  • 5В110100 «МЕЙІРБИКЕ ІСІ»
ОҚУ МЕРЗІМІ - 4 жыл
  • 5В110400 «МЕДИКО –ПРОФИЛАКТИКА ІСІ»
ОҚУ МЕРЗІМІ - 5 жыл
  • 5В130200 «СТОМАТОЛОГИЯ»»
ОҚУ МЕРЗІМІ - 5 жыл бакалавриат + 1 жыл интернатура

Университет түлектері білімін интернатура, резидентура, магистратура, докторантура PhD сатылары арқылы жалғастыра алады.<ref name="semsk" />

Дереккөздер

<references/>