Сейітқасым Әшіров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:05, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Сурет:Otyrar District Kazakhstan.png
Сейітқасым Әшіровтің туған ауданы

Сейітқасым Әшіров (7.7. 1924, Отырар ауданы, Қоғам ауылы – 30.6.2004, Шардара ауданы) – Кеңес Одағының Батыры (24.3. 1945). ҚазМУ-дың заң факультетін, Самарқанд ауыл шаруашылық институтын бітірген (1987).<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> 1941 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, Самарқанд қаласынан мергендердің 3 айлық курсынан өтті. 2-Белорус майданының 96-атқыштар дивизиясы 331-полкінің құрамында барлаушы, взвод командирінің орынбасары, взвод командирі болып, Белоруссия, Польшадағы ұрыстарда жау шебіне талай рет өтіп, құнды деректер әкелді. 1946 – 1951 жылдары Шәуілдір ауданы партия комитетінде нұсқаушы болды. 1951 – 1964 жылы Қызылқұм ауданының халық сотында судья, Шардара ауданы, Шардара кеңшарында бас зоотехник, директордың орынбасары, директор болып істеді. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, 1-дәрежелі «Отан соғысы», 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Шардара ауданының құрметті азаматы.<ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сейітқасым Әшіров|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}