Сейітов Нәсіпқали

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:47, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Сейітов Нәсіпқали (13.6. 1944 жылы туған, Атырау облысы Индер ауданы Көктоғай кенті) – ғалым, геология-минералдық ғылыми докторы (1991), профессор (1995), “ҚР Жер қойнауының құрметті барлаушысы”, геология терминдерінің тұңғыш түсіндірме сөздігінің авторы. Қазақ политехникалық институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1968). 1970 – 96 жылдары Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институтында аға инженер, кіші ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы, жетекші ғылыми ғызметкер, лаборотория меңгерушісі, директордың ғылым жөніндегі орынбасары, бас ғылыми қызметкер, 1996 – 2000 жылады Абай атындағы ҚазҰПУ-да, 2000 – 05 жылдары Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да кафедра меңгерушісі, 2005 жылдан – профессор. Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанның аймақтық геологиясы және геотектоникасы мәселелеріне арналған. Ол “Литосфералық тақталар тектоникасын” Қазақстан аумағы үшін жетілдірген. Сейітов 150-ден астам ғылыми, оқу-әдістемелік, ғылыми-танымдық, анықтамалық еңбектердің авторы, оның ішінде бірнеше монография, оқулық, түсіндірме сөздіктер, т.б. бар. 1 ғылым докторы, 2 ғылым кандидатын даярлады. “ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін” белгісімен және медальдармен марапатталған, “ҚР жоғары оқу орнының үздік оқытушысы” грантының иегері (2005).<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Шығармалары

Шығармалары: Тектоника плит и офиолитовые зоны Казахстана (принципы умеренного мобилизма), А.-А., 1988; Жұмыр Жердің тынысы, А., 1991; Тектоника плит: возможные истоки и особенности проявления, А., 1992; Геология терминдерінің сөздігі, А., 1996; Генетическая и геодинамическая модель геологического развития и становления палеозойских офиолитовых зон, А., 2006.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сейітов Нәсіпқали|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}