Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сейсенұлы Дәулет"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:30, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Тұлға


Жазушы-журналист Дәулет Сейсенұлы 1949 жылы 28 ақпанда Семей облысының Абай ауданы Саржал ауылында туған. 1971 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Облыстық «Семей таңы» газетінде, облыстық партия комитетінде қызмет атқарған. 1983 жылдан бері республикалқ «Егемен Қазақстан» газетінің Семей өңірі бойынша тілшісі. Осы жылдарда "«Ақиқат"»журналында, еларалық "«Заман Қазақстан», облыстық әкімшілікте қызмет істеген. Ол «Жұлдыздар сөнбейді» атты әңгімелер жинағының, «Қазақтың саны қанша», «Семей елі, Семей жері», «Шежірелі Шыңғыстау» атты деректі кітаптардың авторы. 2007 жылы қаламгер Дәулет Сейсенұлының ғұлама ақын Шәкәрімнің туғанына 150 жыл толуына орай «Нартұлға» сериясымен жарық көрген әдеби көркем тілді. «Шәкәрім» атты ғұмырбаяндық кітабы жарыққа шықты. Дәулет Сейсенұлы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Семей қаласы (2001) мен Абай ауданының Құрметті азаматы.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА