Сейдіғапбар Мамадәлиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:38, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сейдіғапбар Мамадәлиев 1948 жылы 12 мамырда Шымкент облысы Түлкібас ауданының Сарыбұлақ ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Қоңырбеков Мамадәлі, марқұм. Анасы - Қоңырбекова Зайып, марқұм.

Алматы зооветеринарлық институтының ветеринарлық факультетін бітірген (1972), мал дәрігері. Ветеринария ғылымдарының кандидаты (1984), докторы (2000). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Ірі қара обасының таралу жолдары және жедел алдын алу».

Профессор (2002 жылдан). Вена қаласы халықаралық университетінің құрметті профессоры. Оның жетекшілігімен 14 кандидаттық және 1 докторлық диссертация орындалып, қорғалған, қазіргі уақытта 13 жас маманның ғылыми жетекшісі болып табылады. «Медицинадағы заманауи жасушалық технологиялар» кітабының (2006); 345 ғылыми еңбектің авторы. Өнертабыстарға 87 авторлық куәлікке ие. Қазақ, орыс және ағыпшын (бастауыш деңгей) тіпдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.

1973 жылдан - «ҒЗАШИ» (Ғылыми-зерттеу ауыл шаруашылық институты) РМҚК аға зертханашысы, кіші ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері, 1990 жылдан-жетекші ғылыми қызметкері, 1992 жылдан - директоры. 2007 жылдан - ҚР ҒБМ ҚР Ұлттық биотехнология орталығының «Биологиялық» қауіпсіздік мәселелерінің ғылыми-зерттеу институты» ЕМК директоры.

2010 жылдан бері - ҚР БҒМ Ғылым комитеті «Биологиялық қауіпсіздік мәселелерінің ғылыми-зерттеу институты» РМК бас директоры міндетін атқарушы. Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 4 шақырылым депутаты (1996-2010). ҚР Қауіпсіздік кеңесі Сараптама комиссиясының мүшесі. «Биотехнология». Теория және практика» ғылыми журналы редакциялық алқасының мүшесі. ҚР БҒМ ҚР Ұлттық биотехнология орталығының 03.00.23 - «Биотехнология» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінің мүшесі. «Парасат» орденімен (2004); «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен (2004); бағдарлама міндеттемелері мен міндеттерін табысты орындағаны үшін «Нұр Отан» ХДП (2008), рухани және әлеуметтік дамуға қосқан үлесі үшін ҚР БҒМ (2008), ҚР Білім министрлігі - Ғылым академиясының (1998) Құрмөі грамоталарымен, Қазан революциясының 70 жылдығы құрметіне грамотамен (1987) марапатталған. Діни көзқарасы - мұсылман-суннит. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Д.А. Қонаев, М.К. Ататүрік. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Әлемдік демократияға толық кірігу және елдің ішкі әлеуетін дұрыс пайдаланудың нәтижесіндегі еркендеу». Хоббиі - табиғат аясында демалу, балық аулау. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиет. Үйленген. Жұбайы - Мамадәлиева Любовь Сәдуақасқызы (1948 ж. т.), зейнеткер. Ұлдары - Мамадәлиев Марат Сейдіғапбарұлы (1973 ж. т.), Мамадәлиев Саян Сейдіғапбарұлы (1976 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}