Саңырық Сексенұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саңырық Сексенұлы (1727 ж. - қайтыыс болған жылы белгісі) - өте қасиетті, әулие, әруақты, көріпкел, батагөй, көкірегі - көркем сөзбен көмкерілген, ел ақсақалы атанған адам болған.

Ол «Асмас қылыш» атанған атақты Көтібардың атын қойған, батырға берген батасы туралы аңызға бергісіз қызықты әңгімесін елдегілердің екінің бірі біледі және жазылып та жүр. Енді, Көтібардың өзі кейін Есетке ат қоярда осы Саңырықтың ризалығын алған. Ел-жұртының әрі ағасы, әрі жағасы ретінде оған халық жүгініп оның шешімін бұлжытпай қабылдап отырған. Атамыз әжеміз Ұлтуғанмен бірге қартайып көп жасап қайтыс болған. Саңырық туралы біздің заманымызда шыққан кітаптарда,ақпарат құралдарында жазылып жатыр. Соның ішінде ағамыз Тауман Төрехановтың «Дала Геркулесі» атты кітабының баста кейіпкерлерінің бірі екендігін айта кетуді орынды санаймыз. Саңырықта жеті ұл

  • Жаманша
  • Байғұлақ
  • Есбол
  • Жанбол
  • Бибол
  • Досболай
  • Қосмамбет.<ref>"Шаңырақ - Сексен" - Алматы, 2010.-184 бет ISBN 978-601-06-0898-6</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер