Сақина тастау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сақина тастау (басқаша атауы — ақшымшық) — қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойындарының бірі. Ойынға он-он бес адам қатысады. Олар бір жігітті немесе қызды ортаға шығарып, қолына сақина ұстатады. Кейде сақина болмай қалған жағдайда бақыр тиынды да қолдануға болады. Ойын ережесі бойынша жігіттер мен қыздар дөңгелене отырады. Отырғандардың арасынан бір кісі өтетіндей бос орын қалдырылуы керек. Ойынды жүргізушінің сақинаны кімге тастайтыны өз еркінде, тек кімнің алақанына салып жібергенін білдірмеуі керек. Сақинаны алған ойыншы да білдірмеуге тырысады. Сонан соң сақина тастаушы “ақшымшығымды бер” деп дауыстайды. Осы сәтте сақинаны алған ойыншы “менде” деп орнынан тұруы керек. Әр ойыншы өзінің оң жағындағы көршісі үшін жауап береді. Сондықтан ойыншылар бірін-бірі ұстап, тұрғызбауға тырысады. Егер сақинаны алған ойыншы орнынан тұрып кетсе, жазаны сол жағындағы ойыншы тартады, ал тұра алмай қалса, жазаны өзі тартады. Жазасы көпшіліктің ұйғаруымен өнер көрсету: өлең айту, би билеу, домбыра тарту, т.б. Жазаны орындағаннан кейін жүргізуші ойынды қайта бастайды. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 - том</ref>

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сақина тастау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}