Сағынғали Сейітов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:34, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Сағынғали Сейітов (20.11. 1917 жылы туған, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы, Өлеңті ауылы) — ақын, сыншы, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымы кандидаты (1961). Орал су транспорты рабфагын (1937), Қазақ педагогикалық институтын бітірген (1941). 1941 — 47 ж. әскер қатарында болып, 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1947 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясы Тіл және әдебиет институтында, Қазақстан КП ОК-нің Үгіт, насихат, әдебиет және көркемөнер бөлімдерінде түрлі қызметтер атқарды. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының директоры (1951 — 52), Әдебиет және өнер институтында бөлім меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер болған. “Большевиктер” атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1951 ж. жарық көрді. Сейітовтің 40-тан астам кітабы баспадан шыққан. Жыр жинақтарымен қатар “Қырық жылда” (1957), “Ақын сапары” (1958), “Өмір өрнектері” (1969), “Тоғысқан толқындар” (1974), “Туысқандық туғызған” (1979), “Өлең өлкесінде” (1984), “Пушкин лирикасын қазақ тіліне аудару дәстүрі”, т.б. әдеби-зерттеу еңбектері бар. Г.Гейне, А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, В.Маяковский, т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударған. 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сағынғали Сейітов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}