Сағындық Ордабеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

04:47, 2016 ж. мамырдың 21 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Infobox Biography Сағындық Ордабеков(12.1.1950 жылы туған, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Үшбас ауылы) – жоғары санатты хирург және денсаулық сақтау ісінің ұйымдастырушысы, медицина ғылымдарының докторы (1997), профессор (2001), Нью-Йорк Ғылым академиясының (1996) және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

Оқу жолы

Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін (қазіргі Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті) 1975 жылы тәмамдаған.

Жұмыс жолы

Жамбыл облысы ауруханасында дәрігер-хирург (19751987), Жамбыл қалалық медицина жедел-жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары (19871988) болды. 1989 жылдан 20 жылға жуық Жамбыл облысы Денсаулық сақтау департаментінің бас хирургі қызметін атқарды. 2009 жылдан бастап Жамбыл облыстық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары қызметін атқаруда. 1988 жылы Тараз қаласында эхинококкоз ауруын зерттейтін республикалық ғылыми орталық ашты. 1998 жылдан бастап Тараз мемлекеттік М.Х.Дулати атындағы университетінің биология кафедрасының және 2007 жылдан бастап Қазақ Ұлттық С.Асфендияров атындағы медициналық университеттің интернатура кафедрасының профессоры қызметін негізгі жұмысымен қатар алып жүр.

Ғылыми еңбектер

  • Оның ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі бағыты – іш қуысы органдарында болатын экинококкоз ауруын хирургиялық емдеу мәселелері және өт жолдары мен бауыр хирургиясы.
  • 300-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 7 монографияның, 8 оқулықтың, 4 патенттің және 12 өнертабыстық ұсыныстың авторы. Қазақстан Журалистер одағының мүшесі С.Ордабековтің проблемалық мақалалары, суреттемелері мен эсселары облыстық, республикалық газет-журналдарда мезгіл-мезгіл жарияланып тұрады. Ол бірнеше әдеби кітаптардың авторы ("Көкіректегі күмбірлер", 2005; "Іште қалған сөз де жетім", 2007; "Беймаза дүние", 2009; "Әріптестер әлемі", 2010; " "Мың құбылған тіршілік", 2011). Ол "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі", "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгілермен, бірнеше мемлекеттік медалдармен және Құрмет грамоталарымен марапатталған. Оған "Сарысу ауданының Құрметті азаматы" атағы берілген.

Дереккөздер

1.Тараз. Жамбыл облысы (энциклопедия), 2003; 2. "Денсаулық" - республикалық журнал, 2010. №1;. 3. "Медицина" - республиканский журнал. 2009. №12. <references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сағындық Ордабеков|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}