Сағила Әбдірахманқызы Есенжолова
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Тұлға Есенжолова Сағила Әбдірахманқызы<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref> - Социалистік Еңбек Ері (1981) – еңбек ардагері, сауыншы.
Өмірбаяны мен өмір жолдары
1942 жылы Ақмола облысы Целиноград ауданы Киров (қазіргі Көктал кенті) ауылында дүниеге келген. Еңбекке ерте анасының жанында жүріп араласқан. 13 жастағы бойжеткеннің меншігінде 15 сиыр болды. Сол таңнан бала кездегі сауыншы болу арманы орындалады.
- 1959 – 1977 жылы сауыншы болды.
- 1977 жылдан сырттай зооветеринарлық техникумын аяқтағаннан кейін, мал шаруашылығының (сүт фермасында) бригадирі болады. Басты назарды селекцияға бөледі.
Жетістіктері
- Қазақстан Компартиясы Целиноград обкомының бюро мүшесі
- Республиканың Жоғарғы Кеңесінің депутаты
- Қазақстан Компартиясының XV съезінің делегаты
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі депутаты
Наградалары
- Екі рет Ленин ордені
- "Еңбек Қызыл Ту" ордені
- Социалистік Еңбек Ері (1981)
- «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі
- «Еңбек ардагері» медалі
- «Қазақ КСР ауыл шаруашылығының еңбек сіңген қызметкері» атағы
Дереккөздер
<references/>