Сағдиев Мақтай Рамазанұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:53, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Сағдиев Мақтай Рамазанұлы (12.5.1929 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Өндіріс ауылы) – қоғам қайраткері. Семей мұғалімдер институтын (1949), Талғар ауыл шаруашылық техникумын (1960), Алматы жоғары партия мектебін (1961) бітірген. 1949 – 54 жылдары орта мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директор болды. 1955 – 66 жылдары Ленин (қазіргі Есіл) ауданы партия комитетінде нұсқаушы, МТС партия бюросының хатшысы, аудандық партия бюросының хатшысы, кеңшар директоры, 1966 – 71 жылдары Соколов және Жамбыл аудандық партия комитеттерінің 1-хатшысы, 1971 – 80 жылдары Торғай облысы атқару комитеті төрағасының 1-орынбасары, 1980 – 83 жылдары Қазақ КСР-і балық шарушылық министрі, 1983 – 85 жылдары Қостанай облысы атқару комитетінің төрағасы, 1985 – 89 жылдары Көкшетау облысы партия комитетінің 1-хатшысы, 1989 жылы наурыз – 1990 жылы ақпан аралығында Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы, 1990 жылы мамыр – қараша айларында Қазақ КСР-і Президенттік кеңесінің мүшесі, Қазақ КСР-і Президенті жанындағы Азаматтық жөніндегі комиссияның төрағасы қызметтерін атқарды. 1991 жылдан ҚР ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің төрағасы. 1999 – 2004 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сағдиев Ленин, 3 рет Еңбек Қызыл Ту, Октябрь Революциясы, “Парасат” ордендерімен, медальдармен марапатталған. Көкшетау, Алматы қалаларының, Есіл ауданының құрметті азаматы. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сағдиев Мақтай Рамазанұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}