Сахи Дүйсен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:37, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Сахи Дүйсен (1958 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданы Иасауи ауылы) – ғалым, техника ғылдарының докторы (1996). Қазақ химиялық-технологиялық институтын бітірген. 1979 – 96 жылы Жамбыл гидромелиоратор-құрылыс институтының филиалы – Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехника институтында оқытушы, кафедра меңгерушісі, декан, оқу ісі жөніндегі проректор. 1994 – 96 жылдары Мәскеу мемлекеттік ауыл шаруашылық университетінің аға ғылыми қызметкері. 1996 – 98 жылдары Жамбыл университетінің Қаратау инженерлік-техникалық кешенінің директоры, 1998 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Қаратау қаласындағы инженерлік-техникалық факультетінің деканы. Сахи бетон мен темірбетонды бұзу механикасы мен олардың қаншалықты беріктігін анықтау жөніндегі белгілі ғалым. ҚР Жоғары Аттестациялық Комиссиясының ТарМУ-дың жанындағы экология бойынша докторлық қорғау кеңесінің эксперті болған. Қазақ мемлекеттік архитектуралық құрылыс академиясы жанындағы құрылыс құрылымдары, үйлер мен ғимараттар мамандығы бойынша докторлық қорғау жөніндегі бірлескен кеңестің мүшесі. Экология мен табиғатты пайдалану жөніндегі Халықаралық академияның толық мүшесі. Жамбыл облыстықтық Мәслихатының депутаты. 80-нен аса ғылыми және әдістемелік еңбектердің, олардың ішінде «Темірбетон құрылымдары», «Темірбетон құрылымдарын есептеу және жобалау» атты Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы құрылыс мамандығына арналған оқулықтары, 5 ғылыми-техникалық есептеулері бар.

Сілтеме

Тараз энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сахи Дүйсен|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}