Саурық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саурық Қайдауылұлы (шамамен 1670, Талдықорған өңірі – 1740, Алматы облысы Райымбек ауданы) – батыр, қолбасшы, мәмлегер. Ұлы жүз жалайыр тайпасының андас руынан шыққан. 1723 – 40 жылдары аралығындағы қазақ-жоңғар соғыстарына бастан-аяқ қатысып, Аңырақай шайқасында Ұлы жүз қолына тікелей қолбасшылық жасады. Ел аузында Саурықтың ерліктері туралы көптеген аңыз-әңгімелер сақталған. Саурық Ескелді би, Балпық билермен Жетісу жерін қалмақтардан босатуда көп істі бірігіп атқарған. Мұны алуан түрлі аңыз-әңгімелер дәлелдейді. Саурықтың Құлшығаш, Байшығаш, Қасқарау, Қарқабат, Байғабат, Танаш атты алты ұлының бәрі де батыр, ел басшысы ретінде белгілі. Оның атақ-даңқы тек Жетісуда ғана емес, одан тысқары жерлерде де кең жайылған. 19 ғасырдың 1-жартысында Аягөзге дейін келіп қайтқан орыс ғалымы В.В. Радлов өз еңбегіне Саурық туралы деректер енгізген. Тарихшы Е.Бекмахановтың 1948 жылы шыққан “Қазақ КСР тарихындаБөгенбай, Тайлақ батырлармен қоса Саурықтың да есімі аталады. Бұл жөніндегі деректер Ә.Марғұланда да бар. Саурықтың есімі қазақ ақындарының өлең-жырларында да көптеп кездеседі. Ақын Ғ.Қайырбеков оны өлеңге қосқан. Тарихшы-ғалым Кәмен МамырұлыныңҚазақ тарихы” атты еңбегінде, жазушы Ұзақбай Доспанбетовтың “Қызыл жолбарыс” атты екі томдық және “Абылайдың ақ туы” атты тарихи романдарында Саурықтың біраз істері сипатталады. Саурықтың есіміне байланысты жер атаулары Талдықорған өңірінде көп кездеседі. Көксу ауданындағы жұрты “Саурық сазы” деп аталады. Көксу кенішінің қасында “Саурық сазы” деп аталатын екінші жер де бар. Ұрпақтары Алматы облысының Қаратал, Көксу,Ескелді аудандарында тұрады. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саурық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}