Сатыпалды Ділманұлы Ділманов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:00, 2015 ж. маусымның 1 кезіндегі Zhaksilik (Талқылауы) істеген түзету

Сатыпалды Ділманұлы Ділманов (1.5.1947 жылы туған, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қызылмақташы ауылы) – ғалым, тарих ғылым докторы, профессор, полковник, Ресей әскери ғылым академиясының академигі (2005). Қорған қаласындағы (Ресей) жоғары әскери-саяси авиациялық училищені (1969), ҚазҰҮ-тін (1984) және Алматы жоғары партия мектебін (1986) бітірген. 1973 – 1986 ж. әскери бөлімше және бөлім бастығының орынбасары, 1986 – 1992 ж. Қырғызстанда әскери оқу орнында оқытушы, курсанттар бастығының саяси жұмыстар жөніндегі орынбасары, 1992 – 2000 ж. ҚазҰАУ-дың әскери кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, 2000 – 2003 ж. Қазақстан Гуманитарлық университінде әскери кафедрасының бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. 2003 жылдан Ұлттық қорғаныс университеті бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқық жұмыстар жөніндегі орынбасары. Ділманов Қазақстан тарихындағы «Ақтаңдақтарды» зерттеуге зор үлес қосты. 70-тен астам ғылыми мақалары жарық көрген.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сатыпалды Ділманұлы Ділманов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}