Сарыайдын (ескі қала)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:15, 2015 ж. тамыздың 16 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Сарыайдын - ескі қаланың орны.

Географиялық орны

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы Сарыайдын көлінің жағасынан табылған. Үш жағынан (шығыс және батыс жағынан көлмен, солтүстік жағынан Сарыөзенмен) қоршалған.

Сипаты

Бұған қоса қаланың қазіргі кезде жал түрінде сақталған қорған қабырғалары болған. Оның солтүстік, батыс және шығыс жақтарыңда мұнараларға бекітілген қақпалары болған. Оның шығыс жағындағы қақпасының мұнаралары жақсы сақталған. Қаладан (оңтүстік-батыс бағытында) 1 км қашықта су тартатын шығыр орналасқан. Қала орнын Орал облысының мұражайының археологиялық экспедициясы (Б.Райымқұловтың басшылығымен) 1989 жылы ашқан. Қазба жұмыстары кезінде әр түрлі пішіндегі және әр түрлі мөлшердегі плита, |керамикалық ыдыстар, т.б. табылды. Ғалымдардың пікірінше, бұл шамамен б.з. 14 ғ-нда қалыптасып, дамыған қала болған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер