Сартақ хан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:50, 2016 ж. мамырдың 4 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Сартақ хан (т. ж. б. — 1256) — 1256 жылы билік еткен Алтын Орданың ханы, Бату ханның баласы. Жас кезінде әкесінің ықпалымен белгілі Ресей князі Александр Невскиймен анда болған. Еділ өз-нің төм. сағасының батыс жағалауынан бастап, Каспий теңізінің солтүстік жағалауы мен Қырым аралығында билік құрды.

Билігі

1256 ж. француз королінің Қарақорымға жіберген елшісі Рубрук ең алдымен Сартақтың сарайына аялдап, оған корольдің түрік және араб тілдеріне аударылған грамотасын табыс еткен. Сартақ әкесі Бату қайтыс болған соң Мөңке ханның (Қарақорымда) ұйғарымымен хан тағына отырды. Бірақ көп ұзамай қайтыс болып, тақты әкесінің інісі Берке иеленді. Сартакты акесiнiн iнiсi Берке өлтiрткен.

Тағы қараңыз

Үлгі:Алтын Орда хандары