Сапархан Ниязбекұлы Мырзабеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:40, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Сапархан Ниязбекұлы Мырзабеков (6. 12. 1937 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент ауданы, Қызылжар ауылы) — тіл білімі маманы, филология ғылымы кандидаты (1973), доцент (1984). Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1962). 1962-1969 ж. орта мектепте мұғалім. 1969—1972 ж. ҚазКСР ҒА Тіл білімі институтында аспирант. 1973-1977 ж. осы институтта кіші ғылымы қызметкер. Профессор М. Серғалиевтің жетекшілігімен "Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктердің құрылымына статистика-лингвистикалық талдау (Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің "Абай жолы" романы бойынша)" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1977 жылдан Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің қазақ филология кафедрасында оқытушы. Көп томдық "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін", М. Әуезовтың "Абай жолы" романының (1978) және 20 томдық шығармалары тілінің (1996) жиілік сөздігін құрастырушылардың бірі. 40-дан аса ғылыми мақала авторы.

Шығармалары:

  • Статолингвистический анализ структуры глагола современного казахского языка (пo роману М. Ауезова "Путъ Абая"). АКД., А., 1973;
  • Қазақ тілінің фонетикасы. А., 1993;
  • Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. А., 1996;
  • Қазақ тілі дыбыс жүйесіндегі дистрибуциялык пен функционалдылық. ДДА., А., 1998.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}