Сансызбай Сарғасқаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:25, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

Сансызбай Сарғасқаев (29.4. 1925, Қордай, Сұлутөр ауылы – 25.7.1995, Алматы) – жазушы. Абай атындағы ҚазПИ-ді бітірген (1955). 1942 – 45 жылы 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1946 – 49 жылы ауданы «Красногоршы» газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшы, 1949 – 60 жылы «Қазақстан пионері» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактор, 1960 – 68 жылы «Лениншіл жас» газетінде, «Жұлдыз» журналында жауапты хатшы.<ref>Тараз энциклопедиясы</ref>

Шығармалары

Достар. Повестер мен әңгімелер. А., ҚМ КӨБ, 1953; Бір отрядта. Повестер, әңгімелер. А., ҚМ КӨБ, 1956; Сәуленің жаңа достары. Достар. Повестер мен әңгімелер. А., ҚМ КӨБ, 1959; Ақиқат. Әңгіме, повес-тер. А., ҚМКӘБ, 1963; Көңілді балалар. Повестер. А., «Жазушы», 1966; Бір көшен ің балалары. А., «Жазушы», 1970; Биіктен биікке. Повесть, әңгімелер. А., «Жазушы», 1972; Тәмпіш танау. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1974; Алғашқы асулар. Повестер, әңгімелер. А., «Жазушы», 1975; Ұстаз. Роман. А., «Жазушы», 1979; Сулутөр. Роман. А., «Жазушы», 1983.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық – Алматы: “Ан Арыс” баспасы, 2009 жыл – 480 бет. ISBN 978-601-7130-43-5</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub