Самат Смақов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Футболшы Самат Смақов (8 желтоқсан, 1978 ж. Семей)— Қазақстанның ең үздік футболшыларының бірі, Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы. Қазіргі уақытта алматылық "Қайрат" футбол клубында өнер көрсетеді.

Самат Смақов 1978 жылы желтоқсан айының 8-інде Семей қаласында дүниеге келген. Бойы 1 метр 81 сантиметр. Салмағы 66 килограмм. Қорғаушы.

Құрама команда сапындағы алғашқы ойыны 2000 жылы наурыздың 31-інде Иордания командасымен матчында өтті. 2011 жылы өзінің ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеген.

Клубтық мансабы

Самат футболды ең алғаш 6 жасында бастады. Оның ең алғаш жаттықтырушысы — Н.Десембаев. 1998 жылы өзінің ең алғаш алтын медальна қол жеткізеді. 2002 жылы астаналық "Астана" футбол клубына ауысады. Ол жерде жақсы ойын өнерін көрсете алмағаннан соң, семейлік "Елімай" клубына келеді. 2004 жылы алматылық "Қайрат" клубымен келісімге тұрады. Ол команда да үздік ойын өнерін көрсетіп 3 маусым ішінде капитандық атаққа ие болады. 2007 жылы "Ақтөбе" футбол клубына ауысады. 2013 жылдың қантарында түріктік «Ризеспором» командасына ауысады. Түрік командасынан соң қайтадан алматылық "Қайрат" футбол клубына келеді. 29 қазан күні алматылық командамен өз келісім шартын үзеді.

Ұлттық мансабы

Қазақстанның ұлттық құрамасында өзінің ең алғашқы ойынын 2000 жылы 31 наурызда Иордания ұлттық құрамасына қарсы өткізеді. Ұлттық құрамада өзінің ең алғашқы және ең соңғы голын 12 қыркүейк күні Белгия ұлттық құрамасының қақпасына соғады. 2007 жылы ұлттық құраманың басына Бернд Шток келгеннен соң ұлттық құрамада көрінбей қалады. Ұзақ уақыттан соң 2011 жылдың 9 ақпанында ұлттық құрамаға қайта келеді. 2011 жылы Белорусия ұлттық құрамасымен ойнап, ұлттық құрамадағы мансабын тоқтатады. Үш жылдық үзілістен кейін 2014 жылы Қазақстанның ұлттық құрамасына қайта келеді.

Ұлттық құрама

  • 2000 жылғы Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстанның олимпиялық құрамамында өнер көрсетті.
  • Құрамы командасында алғашқы ойыны 2000 жылы наурыздың 31 -інде Иордания командасымен өтті
  • Қазақстан Ұлттық құрамасында 62 ойын өткізіп, 2 доп соққан.
  • Қазақстан құрамасында ең көп ойын өткізу жағынан Рұслан Балтиевтен кейінгі екінші орында
  • Ұлттық құрамадағы алғашқы добын 2007 жылдың қыркүйегінде Бельгия құрамасына соқты.
  • 2011 жылы Ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтыны жайлы шешiм қабылдады.
  • 2014 жылы Ұлттық құрамаға қайта оралды.
  • ЕВРО-2016 iрiктеу додасының аясында, Түркияға қарсы өткен ойында, Самат өзiнiң құрама сапындағы 2-шi голын соқты.

Үйленген. Жұбайының есімі - Ұма. Балалары - Самира және Аламгир.

Көрсеткіші

Маусым Клуб Ойын саны Голдар Кубоктағы ойындар саны Голдар
1997 Үлгі:Flagicon Елімай 10 1 2 0
1998 Үлгі:Flagicon Елімай 23 5 4 0
1999 Үлгі:Flagicon Ертіс ФК 20 1 0 0
2000 Үлгі:Flagicon Ростельмаш 24 0 0 0
2001 Үлгі:Flagicon Ростельмаш 15 0 1 0
2002 Үлгі:Flagicon Жеңіс (Астана) 11 2 2 1
2003 Үлгі:Flagicon Елімай 27 4 4 0
2004 Үлгі:Flagicon Қайрат ФК 36 4 6 0
2005 Үлгі:Flagicon Қайрат ФК 28 7 6 1
2006 Үлгі:Flagicon Қайрат ФК 27 4 2 0
2007 Үлгі:Flagicon Ақтөбе ФК 30 3 4 0
2008 Үлгі:Flagicon Ақтөбе ФК 29 6 6 2
2009 Үлгі:Flagicon Ақтөбе ФК 25 8 7 1

Жетістіктері

2014

2014,

Сілтемелер