http://kk.encyclopedia.kz/index.php?title=%D0%A1%D0%B0%D0%BB-%D1%81%D0%B5%D1%80%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BA_%D3%A9%D0%BD%D0%B5%D1%80&feed=atom&action=historyСал-серілік өнер - Түзету тарихы2024-03-29T12:39:44ZМына уикидегі бұл беттің түзету тарихыMediaWiki 1.23.15http://kk.encyclopedia.kz/index.php?title=%D0%A1%D0%B0%D0%BB-%D1%81%D0%B5%D1%80%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BA_%D3%A9%D0%BD%D0%B5%D1%80&diff=77566&oldid=prevModerator: 1 түзету2017-04-22T05:31:44Z
1 түзету

← Ескі түзетулер

05:31, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі түзету

(айырмашылығы жоқ)

Moderatorhttp://kk.encyclopedia.kz/index.php?title=%D0%A1%D0%B0%D0%BB-%D1%81%D0%B5%D1%80%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BA_%D3%A9%D0%BD%D0%B5%D1%80&diff=77565&oldid=prevArystanbek: Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Салт-дәстүр → Санат:Салт-дәстүрлер2014-05-12T17:49:57Z
Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Салт-дәстүр → Санат:Салт-дәстүрлер

Жаңа бет

[[File:Сал мен сері- 2014-03-01 23-25.jpg|thumbnail|Сал мен сері.]]

'''Сал-серілік'''— қазақ халқы мәдениеті мен өнерінің жарқын белгісі, биік шыңы. Ақындық, сазгерлік, әншілік, орындаушылық, адамгершілік, мәрттік, жомарттық, пәктік, зор абырой, тағы басқа ең ізгі қасеттердың бәрі осы мұрат тұтқандардың бойынан табылған. Сал мен сері деп аталатын екі тұлғаның бір-бірінен аз да болса ерекшеліктері бар. '''Сал''' дегеніміз — аса талантты, бір өзі бір театрдың қызметін атқаратын, ерекше әрі қымбат, әсем киінген, жүріс-тұрысы, іс-әрекеті мүлде бөлек, дүниесін, мал-жанын осы жолда аямайтын мәрт, жомарт жан. Оның киімдері кісі таңданарлықтай басқаша үлгіде тігіледі. Сән-салтанатты басқа, ер-тұрманы да сұлу әрі сымбатты, әшекейлі. Сал — халықтың еркесі, қызығы, думаны.

'''Сері''' де — сал сияқты әнші, күйші, ақын, өнерпаз. Оның киім киісі сұлі да сыпайы. Осындай өнердің сыртында ол — сұлу сүйген, жүйрік баптап, құс салатын, әрі аңшы, саятшы, әрі мерген, әрі палуан, әрі шешен, әрі шебер, қысқасы, халық сөзімен айтқанда, "сегіз қырлы, бір сырлы" аса биік тұлғалы азамат. Мысалы, атақты Сегіз сері осындай жігіт болған.

Сал-серілік екінің бірінің қолынан келе бермейді. Оған үлкен өнер, қазына, мол байлық керек. Олардың жүрген жері той, думан, қызық, мереке болғандықтан, ел-жұрт өздерінің серкесі, еркесі, мақтанышын шапан жауып көтермелеген. Сал-серілерді Әз- Жәнібек, Абылай хандардың өзі жоғары бағалаған, құрмет көрсеткен. Ақан сері, Біржан сал, Шерке сал, Дәурен сал, Нияз сері, Толыбай сал, Сейіткерей сері сияқты аты халық арасында мәңгі ұмытылмастай болып қалған ер-азаматтар көп болған. Сал-серілер туралы [[Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов|Ш.Уәлихановтың]], [[Әлкей Хақанұлы Марғұлан|Ә.Марғұланның]], [[Сәбит Мұқанұлы Мұқанов|С.Мұқановтың]], [[Ілияс Жансүгіров|І.Жансүгіровтың]] т.б тамаша еңбектері мен шығармалары бар.

==Дереккөздер==

<references/>

"Сен білесің бе ?" энциклопедиясы.

[[Санат:Өнер]]

[[Санат:Салт-дәстүрлер]]
Arystanbek