Салқам Жәңгір хан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:53, 2011 ж. маусымның 17 кезіндегі Aren b (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Infobox Monarch Салқам Жәнгір хан — (1608 — 1680) — Қазақ хандығының ханы (1628/45 — 1680), Есім ханның баласы. Әкесінің тірі кезінде-ақ Қазақ хандығының шеткі ұлыстарын, нағашы атасы Әбдірақым хан билейтін Тұрфанмен шекаралас жерлерін басқарып жүрді. Бұл кезең қазақ-қалмақ арақатынасындағы аумалы-төкпелі, текетірес жылдар болатын. 1620 жылы қазақтың Есім сұлтаны, қалмақтың Алтын ханы, Шолай Убашы тайшы үшеуі ойраттарға қарсы одақ құрады. Алтын хан Қарақұлдың елін шауып, бала-шағасын тұтқындайды. 12 жасар Жәнгір хан осы кезде қалмақ елінде қазақ елшілігінің құрамында барған. Төрт жыл өткен соң қазақ сұлтаны Есім мен шорастың тайшысы Қарақұл бірігіп, Ресей иелене бастаған Тары бекінісіне шабуыл жасайды. Осы сәтті пайдаланған ойраттың Байбағыс пен Далай тайшылары Есім сұлтанның еліне тиіседі, бірақ жеңіліс табады. Осы кездегі ұрыстарда жас Жәнгір хан өзінің қолбасшылық қабілетін байқатады. 1635 жылы қазақ елінің солтүстігінде көшіп жүрген Жәнгір ханның еліне Далай тайшы, Ұужи тайшы, Тәуірхожа тайшы бастаған қарақалмақтар шабуыл жасайды. Жәнгір хан айналасындағы адамдармен қалмақтардың қолына түсіп, жеті жылдай тұтқында болады. Қалмақтар оны “лама” болсын деген ниетпен Тибетке жібере жаздайды. Қалмақтардың әскери тактикасын молынан игерген Жәнгір ханды Батыр қонтайшының іргесіне келген орыс елшісі Ремезов көріп, онымен тілдеседі. Кейін Жәнгір хан біраз серіктерімен еліне оралып, Қазақ хандығының билігін қолына алады. 1643 жылы Андасай бойындағы Кеңгір деген шақпақ таулы мекенде алты жүз ғана сарбазбен Жәнгір хан Батур қонтайшының алпыс мың әскеріне қарсы тұрып, шегінуге мәжбүр етеді. Шақпақ Кеңгір тауларының қапшық сайына қапылыста кірген қалмақ әскерлері қазақ мергендерінің оғынан әрең құтылады. Жәнгір ханға Самарқан шаhарының аталығы Жалаңтөс баhадүр жиырма мың қолмен көмекке келіп жетеді. Осы шайқас Жәнгір ханның даңқын шартарапқа жеткізеді (қ. Орбұлақ шайқасы). Оқыс оқиға тоғыз жылдан кейін Жәнгір ханды ауыр жарақатқа душар етеді. Астындағы атының аяғы суырдың ініне кіріп кетуі, Жәнгір ханның қалмақтың жас батыры, Цецен ханның ұлы ұалдаманың сілтеген шоқпарын бойына дарытуына себепші болады. Осы жекпе-жекте мертіккен Жәнгір хан жиырма жыл сал болып жатып, өмірден қамкөңіл өтеді. Қазақтардың “Салқам Жәңгір” деп атауы осыдан. 1680 жылы әкесінің орнын басқан Тәуке хан тұсында Қазақ елі едәуір есін жиды. Бұған қонтайшының екінші әйелі, 1635 жылы Жәнгір ханмен бірге қалмақтарға тұтқынға түскен Ақтайлақ бидің қызы Жұмақас (қ. Жұмақас Ақтайлаққызы) көп септігін тигізеді. Жұмақас өзінің Сенге мен ұалдан Бошақты сынды балаларына нағашыларының еліне маза беруді өтінеді. Балалары анасының бұл өтінішін жерге тастаған жоқ. Жәнгір ханның тұсында, оның баласы Тәуке ханның заманында Қазақ елі жарты ғасырдай тыныштау, бейбіт өмір сүрді деуге болады.


Салқам Жәнгір (16431652) билік құрған. Жәңгірдің өмірі ат үстінде Қазақ хандығы жауларымен күресте өтті. Жәңгір хан (1643-1652 жж.) билік құрған жылдары да Сыр бойындағы қалалар үшін Аштарханидтермен және Жетісудағы жайылымдар үшін қалмақтармен қақтығыстар тиылмады. Қазақ хандығына қалмақтар жақтан төнген қауіп зор болды. «Қалмақ» сөзі батыс монғолдардың түрікше аты. Олар өздерін ойраттар деп атаған. Қалмақтар бұл жылдары шығысында Хангай таулары, батысында Моғолстан, оңтүстігінде Гоби шөлі, солтүстігінде Ертіс пен Енисейдің жоғарғы ағыстары арасында көшіп-қонып жүрді. 1635 жылы бұл территориядағы тайпалардың басын біріктіріп, Батур қонтайшы Жоңғар мемлекетінің негізін қалады. Осыған байланысты жоңғарлар күшейіп, қазақ жерлеріне жиі-жиі шапқыншылықтар жасай бастайды. Жәңгір хан тұсында қазақтар мен жоңғарлар арасында үш ірі шайқас орын алады. Алғашқы 1635 жылғы шайқаста Жәңгір қалмақтарға тұтқынға түсіп қалып, бірақ көп ұзамай қашып шығады. Тұтқыннан босағаннан кейін, Жәңгір хан қалмақтарға қарсы күрес басшылығын өз қолына алады. 1643 жылы жоңғар қонтайшысы Батур қазақ жеріне 50 мың әскермен басып кіреді. 1644 жылы Жоңғарияға барған орыс елшісі Г.Ильин жоңғарлардың 50 мың қолына Жәңгір хан бастаған 600 жауынгердің қарсы тұрғанын айтқан. Мүмкін, бұл 600 адам ататын қарумен жабдықталған Жәңгір хан әскерінің алдыңғы шебі болуы мүмкін. Жәңгір өз тобының бір бөлегіне жоңғарлар тар асудан асып келгенше екі таудың арасындағы тар жырада ор қазып, бекініс жасауға бұйырады. Ал өзі екінші бөлегімен таудың екінші бетіне жасырынады. Жоңғарлар ор қазып, бекініп жатқан қазақ жасақтарына қарсы шабуыл жасайды. Осы кезде Жәңгір өз тобымен жаудың ту сыртынан лап береді. Қазақтар осы жерде бірінші рет оқ ататын қару пайдаланады. Шайқас барысында Батур қонтайшы 10 мың әскерінен айырылады. Шайқастың шешуші кезеңінде Жәңгір ханға Самарқан билеушісі Жалаңтөс батыр бастаған 20 мың әскер көмекке келеді. Батур қонтайшы кейін шегінуге мәжбүр болады. Сөйтіп, 1643 жылы жер жағдайын және соғыс тәсілін шебер пайдаланған Жәңгір хан Самарқан билеушісі Жалаңтөс батырдың әскери көмегі арқасында зор жеңіске жетті. Бұл тарихта Орбұлақ шайқасы деген атпен белгілі. Бұл жеңістің Қазақ хандығы үшін зор маңызы болды. Бірақ жоңғар билеушілері қазақ жерлеріне басып кіру үшін жаңа жорықтарға дайындала бастады. Батур қонтайшы бытыраған әскерлерін қайта құрап, Сібірдегі орыс қамалдарынан қару-жарақ сатып алды. Өзіне тәуелді қырғыздардан ат-көлік жинастырды. Осындай әскери дайындықтан кейін Батур қонтайшы 1652 жылы қазақтарға қарсы аттанды. Бұл соғыста қазақ жасақтары жеңілді. Жәңгір хан осы 1652 жылғы шайқаста жоңғарлардың қолынан қаза тапты. Жәңгір хан да Түркістан қаласындағы Қожа Ахмед Иассауи кесенесінде жерленген. Жәңгір ханнан кейін Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы нашарлады. Феодал шонжарлардың арасында алауыздықтар мен бақталастықтар өршіді. Қазақ сұлтандары ұлыстарды жеке-дара билеп, дербестенуге бой ұрды. Қазақ жүздерінің арасындағы байланыс нашарлап, олар бір-бірінен оқшаулана бастады.


Сілтеме

Қазақ энциклопедиясы

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Салқам Жәңгір хан|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Kazakh Khans