Салыстыру (жантану)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:06, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Салыстыру — ойлаудың логикалық амалдарының бірі. Адамның ойлауы әрқашан талдаудан және синтезден басталады. Ойлау — түйсік пен қабылдаудағы талдау мен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі. Талдау дегеніміз — ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөлшектерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың, құбылыстың барлық элементтері біріктіріледі. Талдау мен синтез бірімен-бірі тығыз байланысты құбылыстар. Осылардың негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастығы, айырмашылығы айқындалады. Заттарды, бейнелерді, ұғымдарды салыстыру тұрғысындағы тапсырмалар ойлаудың дамуы мен оның кінәраттарын психологиялық зерттеулерде кеңінен қолданылады. Салыстыруда адамның нені негіз етіп алатыны, бір объектіден екіншісіне өтудің жеңілділігі және т.б. жағдайлар талданады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}