Салыстыру электродтары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:36, 2015 ж. мамырдың 19 кезіндегі Erboldilyara (Талқылауы) істеген түзету

Салыстыру электродтары- металдардың стандарт потенциалдарын табу үшін қолданылатын электродтар. Салыстыру электродтары ретінде нормаль электрод, каломельді электрод, хлор-күмісті электрод, меркур-сульфатты тағы да басқа электродтар жиі пайдаланылады. Сутек электроды 1 атм. қысымды сутекпен қаныққан 1 молекула күкірт қышқылы ерітіндісіне батырылған кеуекті платина пластинкасынан жасалады. Оның нормаль электродтық потенциалы шартты түрде нөлге тең етіп алынған. <ref>Қазақ совет энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер