Салыстыру электродтары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:03, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Салыстыру электродтары- металдардың стандарт потенциалдарын табу үшін қолданылатын электродтар. Салыстыру электродтары ретінде нормаль электрод, каломельді электрод, хлор-күмісті электрод, меркур-сульфатты тағы да басқа электродтар жиі пайдаланылады. Сутек электроды 1 атм. қысымды сутекпен қаныққан 1 молекула күкірт қышқылы ерітіндісіне батырылған кеуекті платина пластинкасынан жасалады. Оның нормаль электродтық потенциалы шартты түрде нөлге тең етіп алынған. <ref>Қазақ совет энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер