Салыстырмалы патологиялық әдіс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Салыстырмалы патологиялық әдіс - психология ғылымындағы адамды зерттеу әдістерінің бірі. Салыстырмалы патологиялық әдіс арқылы зерттегенде ақыл-ой әрекеттері зақымдалған ауру адамдардың психологиясы дені сау адамның жан дүниесімен салыстырылып, оның арасындағы айырмашылықтар мен өзгешеліктер қарастырылады. Мысалы, сөйлеудің бұзылуын, қимыл-әрекеттеріне зақым келуін, естің бұзылуын, ұмытшақтықты және т.б. қалыпты психикалық әрекеттермен салыстырып талдаудың ғылыми мәні зор. Салыстырмалы патологиялық әдіс физиологияда, психология мен медицинада көп қолданылады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}