Салсал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:59, 2015 ж. маусымның 1 кезіндегі Zhaksilik (Талқылауы) істеген түзету

"Салсал"діни дастан. Алғаш Қазан қаласында 1879 ж. жарық көрген (1883, 1888 ж. қайта басылған). Зерттеуші М.Жұмашев (Юмачиков) ел аузынан жинап, баспаға әзірлеген. 1906 ж. “Салсал” қайта басылып барлығы (төрт басылымды қоса есептегенде) 23200 данамен тараған. А.Байтұрсынов қиссаны мазмұнына қарай екі топқа жіктей келе, “дастан Алланы ұлықтау, ислам дінінің артықшылығын халықтың көңіліне ұялату мақсатында шығарылған” дейді. “Салсал” дастаны — ислам дінінің орнығып, нығаюы жолындағы жорықтарды сипаттайтын туындылардың типтік үлгісі. Шығарманың негізгі идеясы — ислам дінін насихаттау. Қиссада мифологиялық, фольклорлық көне сюжеттер, мотивтер кездеседі, онда аңыз-әңгімелер де қолданыс тапқан. Дастанда исламда тыйым салынған “сиқыршылық” мотиві, ертегілердегі “барса-келмес” сарыны, т.б. кездеседі. Шығарма кейіпкерлері асқан ерлік, батырлық көрсетеді, Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) күйеу баласы Әлидің бейнесі алып күш иесі ретінде бәрінен жоғары тұрады. Қиссаны қағаз бетіне түсірген Жұмашев татардың діни медресесінде білім алғандықтан, туындыдан татар сөздерін молынан кездестіруге болады. Түрік саяхатшысы Челебидің айтуынша, Салсал — моншақ шығаратын шеберхананың иесі, аңызға айналған кейіпкер. Аңыз бойынша Салсал жын-перілерден Ақкерман қамалын тартып алған, кейін соғыста Салсалды Мәлік Аштер деген кісі өлтірген. Салсалдың сүйектерімен Ақкерман қамалының қабырғасын безендірген деген де аңыз бар. Демек, Салсал Шығыс әдебиетінде аты аңызға айналған батыр деуге негіз бар. “Салсал” дастаны Қазақстан ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы.

<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 - том</ref> <ref>Бабалар сөзі, 2-т., Аст., 2002.</ref>

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Салсал|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}