Саламат Әмірұлы Шалабаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:56, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Шалабаев Саламат Әмірұлы (1924 жылы туған, Қарақия-Үшқан мекені) – геолог-мұнайшы, ғалым, геология-минерал. ғылымдарының докторы (1984). Ұлы Отан соғысының ардагері. 194560 ж. геолог, мұнай барлау мекемелері бастығының орынбасары болды. 196065 ж. Оңтүстік Қазақстан геология басқармасының мұнай, газ бөлімінің бастығы, 196572 ж. Қазақ КСР-і Министірлік Кеңесінің ауыр өнеркәсіп бөлімінің орынбасары, 200191 ж. республикалық экономика институтының мұнай, газ қазба байлығы проблемалары бөлімінің меңгерушісі, 1991 жылдан «Жаңа майдан» атты дүниежүзілік мейірімділік қорының Қазақстан, Орта Азия аймағы бойынша президенті және мұнай-газ интеграциясы ғылыми-өндірістік фирмасының төрағасы. Шалабаев Жамбыл облысы аймағындағы азот-гелий кенін ашуға, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы облыстарынан мұнай-газ барлау жұмыстарын жолға қоюға ат салысты. Каспий қайраңы, Батыс Түрікменстан, Үстірт, Маңғыстау, ШуСарысу ойпаты аймағының мұнай, газды мезозой және жоғарғы палеозой қабаттары жөніндегі 80-нен аса ғылыми мақалалардың авторы. Ол Қазақстанның мұнай-газ өндірістерін дамыту мен орналастырудың 2000 жылға дейінгі сұлбасын жасаған. Шалабаев зерттеулері мен ұсыныстары мұнай-газ кен байлығын барлау, кен орындарын ашу, оны тиімді пайдаланудың көп жылдық ғылыми-тәжірибелік зерттеулерін қорытып, келешекте Маңғыстауда геология-геофизика жұмыстар көлемін көбейтудің маңызы зор екендігін дәлелдеген. ==Дереккөздер== <references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саламат Әмірұлы Шалабаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}