Сайлау технологиялары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сайлау технологиялары -бұқараның электоралдық мінез-құлқына ықпал ету және оларды нақты үміткерге дауыс беруге ояту мақсатында ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы. Сайлау технологияларының негізгі ерекшелігі - сайлаушылардың мінез- құлқын реттеуші әлеуметтік-психологиялық тетіктерді қосуға бағытталуы. Сайлау технологиялары кәсіпкерлер қолында күшті қаруға айналады. Сайлау технологияларының қатарында бірінші қадам - сайлау алдындағы жағдайды талдау. Сайлау кампаниясын ұйымдастырушылар сайлау стратегиясы мен тактикасын анықтау үшін өздеріне қажетті мәліметтерді жинайды. Яғни, сайлау кампаниясын ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз етудің бірінші кезеңі - сайлау алдындағы округтегі жағдайды жан-жақты талдау. Бұл міндетке сайлау алдынан 3-6 ай бұрын кіріседі. Осы жиналған ақпараттар талданып, соның незінде сайлау кампаниясының стратегиясын дайындауға қажетті нақты ұсыныстар дайындалады. Екінші кезең - басталған сайлау кампаниясын ақпараттық-сараптамалық қолдаумен қамтамасыз ету. Бұл жерде сайлау кампаниясын ұйымдастырушылар мен сайлаушылар арасындағы тұрақты кері байланысты қалыптастыру маңызды. Тиімді кері байланыс басқару субъектісіне өзінің әрекеттерін түзетуге мүмкіндік береді. Сайлау кампаниясын ұйымдастырушылар үшін қажетті ақпарат әр түрлі жолдар мен құралдар арқылы алынуы мүмкін: округтың экономикалық дамуы туралы статистикалық мәліметтері, тұрғындардың демографиялық құрамы туралы, өмір сүру деңгейі, соңғы сайлау қорытындысы туралы мәліметтерді зерттеу; тұрғындар арасында әр түрлі сауалнамалар жүргізу арқылы; фокус топтармен жұмыс жасау, яғни ұрандарды, жарнамалық роликтерді талдау, бұл өз кезегінде адамдардың сайлау кампаниясын ұйымдастырушылардың әрекеттеріне реакциясын білуге мүмкіндік береді; бақылаудың көмегімен бәсекелестер әрекеттерін талдау, сонымен бірге контент-анализ жасау.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Сайлау


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сайлау технологиялары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}