Сайлау алдындағы үгіт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сайлау алдындағы үгіт Сайлау комиссияларында кандидаттарды тіркеген күннен бастап сайлау алдындагы үгіт басталады. Сайлау алдындағы үгіт — сайлаушылардың белгілі бір кандидатты, саяси партияны жақтап немесе карсы дауыс беруге түрткі болу мақсатында атқарылатын қызмет. Сайлауға қатысуға шақыру үгіт нысаны болып табылмайды. Аталған қызмет сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аякталады. Сайлау алдындағы үгіт нысанына:

  • бұкаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт;
  • сайлау алдындағы жария іс-шаралар — сайлау алдындағы жиналыс, пікірталастар, митингілер, сайлаушылармен кездесу, шерулер, демонстрациялар, т.б.;
  • баспа, дыбыс, бейне-дыбысты және өзге де материалдарды шығару және тарату жатады.

Сонымен бірге сайлау туралы заң сайлау алдындағы үгіт жүргізуде, кез келген сайлау алдындағы үгіт материалдарын таратуға төмендегідей тұлғаларға тыйым салады:

  • мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі баскару органдарына, сондай-ақ қызметтіқ міндет атқарып жүрген лауазымды адамдарға;
  • әскери қызметшілерге, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық корғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға;
  • сайлау комиссияларының мүшелеріне;
  • діни бірлестіктерге.

Сайлау күрделі үрдіс, мұнда бәсекелестік пен жарыссөз қағидаттары әрекет етеді. Олар әділетті және заңға сай өтуі үшін, барлық кандидаттар тең мүмкіндіктерге ие болуы қажет. Сондыктан да заң жөнсіз үгіт жургізуге тыйым салады. Сайлау алдындағы жөнсіз үгітке:

  • сайлаушыларға тегін немесе жеңілдік шарттармен тауарлар, бағалы қағаздар беріп қызмет көрсету;
  • лотореялар, қайырымдылық акцияларын өткізу, ақша төлеу немесе осылай уәде беру арқылы үгіт жүргізу жөнсіз іс-әрекет деп танылады.

Қандай да бір адамның бет-бейнесін, оның жазбаша келісімінсіз, ал ол қайтыс болған жағдайда мұрагерлерінің жазбаша келісімінсіз пайдалану арқылы үгіт жүргізуге де тыйым салынады.

Сайлау алдындагы үгіт кепілдіктері

Елде өткізілетін сайлау заң талаптарына сай, әділетті өту үшін мемлекет кепілдіктер береді, оған нақты қаржы бөледі және сайлауды өткізу тәсілдерін анықтайды. Сайлауға қатысатын кандидаттар мен саяси партиялар өз бағдарламаларын ақпарат құралдары мен баспасөзде жариялауға құқылы. Мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарына шығу үшін бірдей қаражат бөлінуіне кепілдік береді. Әрбір кандидатка:

  • телеарналар арқылы 15 минут сөз сөйлеуге;
  • радио арқылы 10 минут сөйлеуге;
  • баспасөз беттеріне 0,1 баспа табақ көлемінен аспайтын екі мақала жариялауға мемлекет есебінен қаражат бөлінеді.

Бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген кандидаттарға және партиялың тізімдерін ұсынып саяси партияларға шарттық негізде эфир уақытын, баспасөз бетінен орын береді. Сонымен бірге мұндай шаралар белгілі бір кандидатқа, саяси партияға артықшылықтар туғызбауы кажет. Жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару органдары кандидаттарға шарттық негізде сайлаушылармен кездесу өткізетін үй-жай ұсынады. Сайлау комиссиялары бөлінген үй-жайда кандидаттың сайлаушылармен кездесуінің кестесін жасайды, және оны БАҚ-да жариялайды. Плакаттар, үндеухаттар, ұрандар мен өзге де үгіттік баспа материалдарын шығаруға бірдей мөлшерде ақша бөлінеді. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде анонимдік (домалақ арыз) үгіт материалдарын таратуға тыйым салынған. Жергілікті атқарушы органдар тиісті сайлау комиссияларымен бірлесіп, барлық кандидаттар үшін үгіт материалдарын орналастыруға арналған орындар белгілейді, оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырады. Үгіттік баспа материалдары барлық кандидаттар үшін тең құқықтар қамтамасыз ететін жағдайда орналастырылады. Сонымен бірге үгіт материалдарын ескерткіштерге, ескерткіш тұғырларға, тарихи, мәдени немесе сәулеттік құндылығы бар ғимараттарға, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларға іліп коюға тыйым салынады. Кандидаттарға сайлауалды бағдарламасында болашақ қызметі туралы сөзінде мыналарды:

  • конституциялық құрылысты күшпен өзгерту идеяларын;
  • республиканың тұтастығын бұзуды;
  • мемлекеттің кауіпсіздігін жоюды;
  • әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, сословиелік және рулық алауыздықты тұтатуды;
  • мейірімсіздік және озбырлықка табынуды жариялауға тыйым салынады.

Бұл талаптар орындалмаған жағдайда сайлау комиссиясы кандидатты, саяси партияны партиялық тізімге тіркеу туралы шешімінің күшін жоюға құқылы.

Сенім білдірілген адамдар

Кандидаттардың, өздерінің партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың өздері сенім білдірген адамдары болуына құқығы бар. Сенім білдірілген адамдардың санына шек қойылмайды. Сенім білдірілген адамдар кандидаттар мен партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау науқанын өткізуге, сайлау алдындағы үгітті жүргізуге көмектеседі, солардың мүдделерін білдіреді. Кандидаттар мен саяси партиялар өздері сенім білдірген адамдарын өздерінің қалаулары бойынша анықтайды және оларды тіркеу үшін сайлау комиссиясына хабарлайды. Сенім білдірілген адамдар кандидаттың, саяси партияның өздеріне жазбаша түрде берген өкілеттілігі шегінде әрекет етеді.

Сайлауды мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландыру

Сайлау республикалық бюджет қорынан қаржыландырылады (мемлекеттік қаржыландыру). Республикалық бюджет қаражатынан кандидаттардың БАҚ арқылы сөйлеген сөздерінің шығыны, сайлау алдындағы іс-шараларын өткізу, партиялық тізім бойынша ұсынылып отырған кандидаттарды қоспағанда, олардың көлік шығындары өтеледі. Кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті, сонымен қатар кандидаттық сайлау қоры (мемлекеттік емес қаржыландыру) арқылы қаржыландырылады, олар мемлекеттік тіркеуден өткен болуы кажет. Сайлау қорларына тек заңды жолмен алынған қаражат қана жұмсалады. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, жергілікті басқару органдарының, қайырымдылық ұйымдарының, діни бірлестіктердің, өздерінің жарғылық капиталына шетелдік қатысушысы бар қазақстандық заңды тұлғалардың ерікті қайырымдылықтарына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың анонимдік қайырымдылықтарына тыйым салынады. Қорға келіп түсксн ақшаның жалпы сомасы туралы ақпарат сайлау өткізілгеннен кейін он күн ішінде аталған сайлау комиссиясы арқылы БАҚ-та жярияланады.

Біркатар тыйым салулар

Халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бірлестіктер, шетелдік мемлекеттік органдар, шетелдердің заңды тұлғалары мен азаматтығы жоқ адамдар тарапынан Қазақтан Республикасындағы сайлауды қаржыландыруға олардың кандай да бір болмасын тікелей немесе жанама түрде қатысуына тыйым салынады. Шетелдіктерге, азаматтығы жок адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға кандидаттарды, партиялық тізімін ұсынған саяси партияларды ұсыну мен сайлауға, сайлауда белгілі бір нәтижеге кол жеткізуге септігін тигізетін қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.

Сайлау науқанын өткізуге бөлінген қаражаттың жумсалуын бақылау

Сайлау науқанына республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты кандидаттың жұмсауын тиісті сайлау комиссиялары мен банк мекемелері жүзеге асырады. Тиісті сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша аталған бақылауды жүзеге асыруға өздерінің құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдардың мамандары тартылуы мүмкін. Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін, бес күннен кешіктірмей кандидат, саяси партия тиісті сайлау комиссиясына өзінің сайлау қорының қаражатын пайдаланғандығы туралы есеп беруге міндетті.<ref>“ Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-638-5</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub: Құқық {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}