Сааремаа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:30, 2015 ж. ақпанның 18 кезіндегі Zhaksilik (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Арал Сааремаа, Сарема, Эзель (Үлгі:Lang-et, Үлгі:Lang-sv)— Балтық теңізіндегі Моонзунд архипелагының ең ірі аралы, Эстон КСР-не қарайды. Материктен Рига шығанағы, Ирбен және Муху бұғаздарымен бөлінген. Дамба арқылы Муху аралымен жалғастырылған. Негізінен әк тас және доломиттен түзілген. Климаты жұмсақ, теңіздік. Шағын өзендерге, көлге бай. Қиыршақ тасты, шымды-карбонатты және батпақтанған топырақта жергілікті жерде «альвара» аталатын селдір аршалы орман және қарағайлы орман, шалғын өседі. Теңіз жағасында теңіз құстары ұялайды. Егін егу, мал шаруашылығы және балық аулау дамыған. Сааремаада әк тас, сааремаа «мәрмәрі» және шипалы батпақтардың көптеген қоры бар. Аралда курортты қала — Кингисепп орналасқан.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы,9 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер