Роалд Дал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:11, 2016 ж. қарашаның 21 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Жазушы Роалд Дал (кейбір аудармаларда - Роалд Даль, Үлгі:Lang-en; 13 қыркүйек 1916, Кардифф, Уэльс, Британ империясы  — 23 қараша 1990, Оксфорд, Оксфордшир, Англия) — Англияға Норвегиядан қоныс аударған келімсектер отбасында 1916 жылы дүниеге келген. Ол Дэрбиндегі Рэптон орта мектебін бітірген соң, «Шелл» мұнай кәсіпорнына жұмысқа тұрады. Көп ұзамай оны кәсіпорын басшылары «Шеллдің» Шығыс Африкадағы өкілетті өкілі қызметіңе жібереді.<ref>« Чарли және шоколад фабрикасы». Роалд Дал. –Алматы: «Балауса» баспасы, 2008 ж, ISBN 9965-672-58-Х</ref>

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Роалд Дал әскер қатарына шақырылады. Майданға дайындау кезінде ол ұшқыш мамандығын меңгеріп, Британ әскери-әуе күштерінің құрамына еніп, алғы шепте шайқасады. 1942 жылы ауыр жарақат алған ол ауруханада ұзақ уақыт емделеді. Ауруханадан шыққаннан кейін Вашингтондағы елшілікке әскери атташенің көмекшісі болып орналасады.

1942 жылдың аяғында алғашқы кітабы «Гремлиндер» деген атпен баспадан шығады. Содан бастап «Сізге ұқсас біреу», «Сүй, сүй», «Өз күшімен», «Ұл бала» кітаптары, сонымен қатар «Роалд Далдың таңдамалылары» атты кітап жарық көреді. Осыларға жалғас «Күтпеген әңгімелер», «Өмірдің тәтті сырлары» атты әңгімелер жинақтары мен «Менің Освальд ағайым» атты романы басылады. Осы шығармаларының бәрі 42 тілге аударылып, әлемге кеңінен тарайды.

Роалд Дал балаларға арнап «Джеймс пен алып шабдалы», «Чарли және шоколад фабрикасы», «Сиқырлы саусақ», «Ғажайып мистр Фокс», «Мыстандар», «Матильда» кітаптарын жазды. Оның шығармаларының желісі бойынша «Уолт Дизней», «Коламбия пикчерз» кино компаниялары көркем фильмдер мен мультфильмдер түсірген.

1971 жылдан бері «Вилли Вонка және Шоколад фабрикасы» деген атпен әлем экрандарында көрсетіліп келеді.

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер