Репортаж

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:16, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Репортаж - журналистік іс-әрекеттің бір түрі; оқиға орнынан баспа, радио, теледидар арқылы берілетін, ішкі және халықаралық өмір оқиғалары туралы ақпарат, әңгіме.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref> Репортаж оқиға болған жердің топырағында туады. Сондықтан да репортаж дегеніміз-оқиғаның өзі. Репортаждың басқа жанрлардан ерекшелігі-өткен оқиғаны емес, болып жатқан оқиғаны сол бойда баяндайды, соны суреттейді. Ол жаңадан ғана қонған космонавтар туралы да, іске қосылып жатқан құрылыс, жаңа ашылған стадион немесе мәдениет сарайы жайында да, қалай болғанда да болып жатқан оқиға ғана баяндалады. Репортажға тек ірі оқиғалар ғана тақырып боладыы деу дұрыс бола бермейді. Репортердің жазуға ықыласы ауған оқиғасының екінші бір жерде ешбір қайтланбайтын ерекшеліктері болады. Репортаждың мақсаты-болған оқиғаны бұлжытпастан суретке түсіру емес. Сол оқиғаның әлеуметтік мәні мен маңызын аша отырып, оқырманның талғамын таба білу. Репортаж жазу ісі нақтылықты талап етеді. Репортаж-шын фактілер мен оқиғаларды дәл, іле-шала көрсете алатын жанрдың бірі. Сондықтан репортаж неғұрлым оперативті болып, оқиғаны оқушыларға неғұрлым тез, айқын, әсерлі түрде ой толғарлық дәрежеде жеткізсе, ол соғұрлым бағалы, ықпалды да тартымды болады. Репотажға тән нәрселер: репортер оқиғаның басы-қасында болуы шарт. Сол оқиғаны қаз қалпында суреттеп жазады, оған өзінің қатысын білдіріп, оны қоғамдық пікір талабымен толықтырады. Кез келген ұсақ-түйек оқиғалардың бәрі бірдей репортаж жазуға негіз бола бермейді. Оның негізінде қоғамдық-әлеуметтік маңызды оқиғалар жатуға тиіс. Оқиғалар толық, жан-жақты, жүйулі түрде жазылады. Репортаж өмір шындығына сүйенеді. Тілі нәрлі, стилі тартымды келеді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

2. Т.С. Амандосов "Совет журналистикасының теориясы мен практикасы", "Мектеп" баспасы, 1978 ж.


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Репортаж|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

mn:Зүйл (сэтгүүл зүй)