Рентгенкүйлік талдау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:11, 2014 ж. сәуірдің 18 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Рентгенкүйлік талдау<ref>Қазақша энциклопедия 7 том.</ref> — заттардың кристалдық үлгілерінің фазалық құрамын рентген сәулелерінің көмегімен сандық және сапалық жағынан анықтау әдісі. Рентгенкүйлік талдауда үлгідегі затты энергиясы жоғары электрондармен немесе рентген сәулелерімен атқылап, одан шығатын сәулені кристалдан өткізіп дифракциялайды. Алынатын рентгендік көрініс үлгідегі барлық фазалардың рентген сызықтарының қосындысы болып табылады. Сапалық Рентгенкүйлік талдау зерттелетін заттың фазалық құрамы туралы мағлұматты пайдаланып, қоспаны құраушылардың рентгендік дифракциядағы сызықтарының салыстырмалы пайыздық мөлшерін шығарады. Мыс., ақ қалайыдағы сұр қалайы 10% болғанда білінеді. Сандық Рентгенкүйлік талдауда үлгідегі заттың рентген сызықтары таза құраушылар араласқан эталонмен салыстырылып алынады. Рентгенкүйлік талдау металл, қорытпа, шыны, цемент, пластмасса, т.б. құрамы күрделі материалдардағы 12Mg-ден 92U-ға дейінгі элементтерді, сол сияқты металлургия мен геологияда макро, микроқұраушыларды анықтауда қолданылады.

Дереккөздер

<references/>

Толықтыру

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Рентгенкүйлік талдау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}