Реальгар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:29, 2014 ж. сәуірдің 22 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Реальгар<ref>Қазақша энциклопедия 7 том.</ref> (арабша rahjal-ghar — кеніш шаңы) — сульфидтер класының минералы.
  • Химиялық формуласы AsS, As — 70,1%, S — 29,9%, изоморфты қоспалары кездеспейді.
  • Сингониясы — моноклиндік, кристалдары — қысқа, ұзын призма, ине тәрізді, агрегаттары — тұтас түйірлі масса, кейде қабықшалар, топырақ тәрізді болбыр масса.
  • Түсі — сарғылт қызыл, сызығы ашық сарғылт қызыл, жылтырлығы — майдайдан алмастайға дейін, қаттылығы —1,5—2, жіктілігі — жетілген, меншікті салмағы — 3,4—3,6. тығыздығы 3,56 — 3,59 г/см3.
  • Алмас, шайыр, май типтес жылтыр, жымдастығы жетілген, электр тогын өткізбейді.
  • Күн сәулесінің әсерінен ажырап аурипигментке (As2S3) айналады. Аурипигмент, антимонитпен бірге қорғасын, күміс, алтынның гидротермалдық кен орындарында, жанартау атындыларында, ыстық бұлақтың тұнбаларында кездеседі.
  • Реальгар — күшәла өндірілетін басты кентас.
  • Ірі кен орындары Қырғызстан (Хайдаркан), Грекия, АҚШ, Жапония, Ресей, Италия, Грузия, тағы басқа елдерде бар.
  • Төмен температуралы кендерде кездеседі; улы, күшән мен оның қосылыстарын алу үшін қолданылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Үлгі:Infobox mineral
Үлгі:Geology-stub