Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Реактивтік снаряд"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш Әскери іс» деген санатты аластады; «Қарулар» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегімен))
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:17, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы

Реактивті снаряд (Үлгі:Lang-ru) — бас және реактивті деп аталатын негізгі екі бөліктен тұратын снаряд.

Бас бөлігі нысананы жоюға арналған және төмендегідей бөліктерден тұрады: жарылғыш зарядтарымен жарақталған корпус және жарғыш. Снарядтың реактивті бөлігі снарядты жылжыту үшін және ұшу кезінде тұрақтылығын сақтау үшін колданылады. Ол реактивті камерадан, соплодан және тұрақтандырғыштан тұрады. Реактивті камера ұрыс (оқ-дәрі) зарядын орналастыру және ату кезінде оны жандыру үшін, ал сопло ұрыс заряды жанған кезде реактивті камерадан газдың өту жылдамдығын арттыру үшін қолданылады. Тұрақтандырғыш ұшу кезінде снарядқа тұрақты жағдай туғызу үшін қолданылады. Қолданылуына қарай реактивті снаряд жарықшақты және кумулятивті болып бөлінеді. Жарықшақты снарядтар қарсыластардың тірі күші мен атыс құралдарын жарылған снарядтың жарықшақтары арқылы жоюға арналады. Кумулятивті әсері бар снарядтар сауытты нысаналарымен (танк), өзі жүретін артиллериялық қондырғылар және т.б. күрес жүргізу үшін қолданылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001</ref>

'Реактивтік снаряд' (Реактивный снаряд) — қозғалтқыштың реактивтік тартылысы есебінен нысанаға жіберілетін, дүркінді атыстың қазіргі заманғы жер үсті, авиациялық, және теңіздік реактивті жүйелерінің ұшу кезінде басқарылмайтын оқ-дәрілері. Ол ұрыстық, бөліктен, реактивті қозғалтқыштан және ұшуды тұрақтандыратын қондырғылардан (тіректен, иілген түтіктен) тұрады. Реактивтік снаряд арналуына қарай жарықшақты, жарықшақты-фугасты, кумулятивті, өртегіш, түтіндеткіш және т.б., ал тұрақтандыру тәсілі бойынша айналмайтын (қанатты) және айналмалы (турбореактивті) болып бөлінеді.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Әскери іс {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}