Рахия Рысбайқызы Қойшыбаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:43, 2017 ж. сәуірдің 16 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Рахия Рысбайқызы Қойшыбаева (15 қазан, 1916, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы26 ақпан, 1963, Алматы) – актриса, әнші, Қазақ КСР-інің халық әртісі (1947).

Өмірбаяны

  • Сахнадағы өнер жолын 1932 ж. Қарағандының Жұмысшы жастар театрынан (қазіргі Қарағанды облыстық драма театры) бастады.
  • 1938 ж. Қазақ драма театрының құрамына қабылданды.

Ойнаған рольдері

Осы театрда ойнаған алғашқы рөлі – А.Тоқмағанбетовтың “Әзірет сұлтан” спектакліндегі күтуші кемпір. Оған Зере (М.Әуезов, “Түнгі сарын”, “Шекарада”, “Абай”) рөлі үшін 1952 ж. ҚазКСР-інің Мемлекеттік сыйлығы берілді. Мақпал, Дәмелі (Ғ.Мүсірепов, “Қозы Көрпеш - Баян Сұлу”, “Ақан Сері - Ақтоқты”), Меңсұлу (Ш.Құсайынов, “Алдар Көсе”), Зейнеп (С.Мұқанов, “Шоқан Уәлиханов”) cияқты күрделі бейнелерді сахнаға шығарды.

Классикалық драматургиядан Н.В. Гогольдің “Ревизорында” Анна Андреевнаның, А.Н. Островскийдің “Шындық жақсы, ал бақыт одан да артық” және “Таланттылар мен табынушыларында” Мавра Тарасовна мен Долина Пантелеевнаның, Ж.Б. Мольердің “Скапеннің айласы” мен “Сараңында” Зербинетта мен Фрозинаның, т.б. сахналық тұлғасын жасады. 1940 жылдан киноға түсті, Ана (“Райханда”, 1940), Зейнеп (“Абай әнінде”, 1945), Жамал (“Алтын мүйізде”, 1948), Күнікей (”Махаббат дастанында”, 1954), Милиционер әйел (“Біздің сүйікті дәрігерде”, 1957), Шайшекер (“Егер біздің бәріміз де”, 1961) рөлдерінде ойнады. Қ. халық әндерін нақышына келтіре орындаушы ретінде де ерекше көзге түсті.

Марапаттары

  • Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған
  • ҚазКСР-інің Мемлекеттік сыйлығы (1952).<ref>Львов Н.И., Казахский театр. Очерк истории, М., 1961</ref><ref>Римова Б., Рахия Қойшыбаева. Өнердегі өнегелі өмірлер, А., 1977</ref><ref>Қазақ театрының тарихы, 1-2 т., А., 1975 – 78.</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті