Рамазан Айыпұлы Тоқтаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:09, 2016 ж. қарашаның 21 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Жазушы

Тоқтаров Рамазан Айыпұлы(1935 – 2000) (Павлодар қаласы) - жазушы. Алматыдағы шет тілдер институтының француз тілі факультетін бітірген. Алғашқы жинағы Ертіс перзенті 1962 жылы жарық көрген. 1958 - 60 жылы "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газеті мен "Мәдениет және тұрмыс" (қазіргі "Парасат") журналында, 1964 жылдан қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, "Жазушы" баспасында аға редактор, бөлім меңгеруші қызметтерін атқарған. 1989 - 97 жылдары республикалық "Жұлдыз" журналында бас редактордың орынбасары. Алғашқы "Ертіс перзенті" жыр жинағы 1962 жылы жарық көрген. "Бақыт" (1965), "Ертіс мұхитқа құяды" екі кітап (1968 - 69), "Тұлпардың сыны" (1975), "Жердің үлгісі" (1979), "Ғасыр наны" (1983), "Сусамыр" (1985), "Таңбалы жарғактың құпиясы" (1990), "Жұлдыз" журналында "Жендет" (1991), "Бақыт құлдыктың ақыры" (1995), т.б. романдары, "Терістік шұғыласы" (1971) повестер мен әңгімелер жинағы жарық көрген. Халықаралық "Алаш" сыйлық иегері (1994). Қайтыс болғаннан кейін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (2000).<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref> Рамазан Тоқтаров 2000 жылы 13 желтоқсанда қайтыс болды. 2002 жылы Павлодар қаласындағы Баспа үйінің қабырғасында мемориалдық тақта орнатылды.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}