Рабик Изимұлы Исмаилов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:01, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Рабик Исмаилов (2 қыркүйек 1934 жыл, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы) - жазушы, әдебиеттанушы, филиология ғылымдарының кандидаты.

  • Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінің шығыс факультетін бітірген.
  • 1960—1963 жылдары «Мектеп» баласына қызметке ауысып, корректордан бас редакторға дейін көтеріледі.
  • 1973 жылы «Ұйғыр драматургиясының дамуы мен қалыптасу» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғайды.
  • 1992—1997 жылдары республикалық ұйғыр мәдениет қоғамын басқарды.
  • Бүгінгі таңда ұйғыр мектептерінің мәселері жөніндегі үйлестіру орталығының төрағасы.

Шығармалары

  • «Ұйғыр әдебиетін үйренудің кейбір мәселелері» (1966)
  • «Іздену жолында» (1976)
  • «Заман және қаһарман» (1987)
  • «Уйгурская драматургия от «Анархана» до...» атты монографиялар
  • 2 жинақтың
  • ұйғыр әдебиеті, мәдениеті және қазіргі дәуірдің өзекті проблемаларын сөз еткен 200-ден астам мақалалар, очерктер
  • 9 және 11 сыныпқа арналған «Ұйғыр әдебиетінің» авторы.
  • Тарих, география, педагогика, философия, экономика саласындағы оқулықтарды ұйғыр тіліне аударды.

Марапаттары

  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне Құрмет Грамотасымен марапатталған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>