Пәтір нан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:19, 2016 ж. тамыздың 12 кезіндегі GanS NIS (Талқылауы) істеген түзету

Пәтір нанқарыманың қамыры сияқты иленіп, табаның көлеміндей ғып жайып, таба қоламтаға қойылады да, бетіне екінші табаны төңкеріп, оның үстін ыстық қоламтамен жабатын нан. Егер қамыр жақсы ашыған болса, нанның көтеріліп пісуі қамырды жұқалау ғып жайған дұрыс. Бәтір күймей, біркелкі пісуі үшін қамырды жайылған нанның бетіне саусақпен немесе қасықтың ұшымен ойықтар салады. Сондай- ақ қос табаның астындағы және үстіндегі қоламтаның біркелкі болуын қадағалау қажет. Қызуы азайған қоламтаға көмілсе, бәтірдің піспей қалуы мүмкін, ал таба шала жанған шоққа көмілсе, ол күйіп кетеді.